ЕЭК пен ITIC ынтымақтастықты тереңдетеді

Astana International Forum алаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың Халықаралық салық салу және инвестициялар орталығының (ITIC) президенті Дэниел Алан Виттпен кездесуі болып өтті.

Бұл ұйымдардың COVID-19 пандемиясы аяқталғаннан кейінгі алғашқы іскерлік байланысуы екенін атап өткен жөн.

Тараптар қолданыстағы Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді, ол, атап айтқанда, салық саясаты мен әкімшілендіру жөніндегі бірлескен іс-шараларды тұрақты негізде жүргізуді көздейді.

Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру бойынша ақпараттық-талдамалық материалдарымен алмасу және оның рәсімдерін цифрлық әрі жаһанданған экономика жағдайларына бейімдеу, сондай-ақ акциздік салық салуды үндестіру жөніндегі интеграциялық бірлестіктердің үздік практикасын ауысу мүмкіндігі талқыланды.

"Біздің кездесуіміз талқыланған бағыттар бойынша ЕЭК пен ITIC арасындағы диалогты дамытуға, ЕАЭО шеңберінде инвестициялық ахуал мен іскерлік ортаны жақсартуға, сондай-ақ Еуразиялық интеграция игілігі үшін жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға жәрдемдесетініне сенімдімін", — деп түйіндеді Бақыт Сұлтанов.

ITIC — 1993 жылы өтпелі және дамушы экономикасы бар елдерде салық реформалары мен инвестициялық климатты жақсарту бойынша мемлекеттік-жекеменшік бастамаларды ілгерілету үшін құрылған тәуелсіз коммерциялық емес зерттеу және білім беру ұйымы.

ЕЭК Салық саясаты және әкімшілендіру жөніндегі консультативтік комитеті мен ITIC арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандумға 2013 жылы қол қойылған, оның жаңартылған редакциясына 2017 жылы қол қойылды.

ITIC-пен өзара іс-қимылдың үйлестірушісі Комиссияның Қаржы саясаты департаменті болып табылады.