Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев Мемлекетаралық авиация комитетінің (МАК) алаңында МАК төрағасы Олег Сторчевпен кездесу өткізді.
Арзыбек Кожошев Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің азаматтық авиация саласындағы өзара іс-қимылының басты бағыттарын, соның ішінде пилотсыз авиациялық жүйелер мәселелерін белгілеп көрсетті. Атап айтқанда, ЕЭК Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтық авиацияда пилотсыз авиациялық жүйелерді қолдану саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы" ұсынымының жобасы туралы сөз болды.
"ЕАЭО мемлекеттерінде пилотсыз авиациялық жүйелер саласын дамытуға жәрдемдесу мақсатында заңнаманы жетілдіру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және соның ішінде арнайы жұмыс тобы шеңберінде тәжірибе ауысу жоспарлануда", – деп атап өтті ЕЭК министрі.Ұшу қауіпсіздігі, авиациялық уақиғалар мен тосын оқиғаларды тергеп-тексеру саласында деректер ауысу үшін ортақ ақпараттық кеңістік құру жөніндегі МАК тұжырымдамасы ізеуіртті талқыланды. Арзыбек Кожошев бұл бағыт Комиссияның авиациялық оқиғалардың интеграцияланған ақпараттық дерекқорын қалыптастыру жөніндегі жұмысымен тығыз байланысты екенін атап өтті.
ЕЭК өкілдерінің әуе кеңістігіне интеграциялау, сертификаттау, персоналды даярлау және инфрақұрылымды дамыту мәселелерімен айналысатын Қашықтықтан басқарылатын авиациялық жүйелер жөніндегі үйлестіру комиссиясының жұмыс топтарының отырыстарына қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ЕЭК пен МАК арасындағы Өзара іс-қимыл туралы меморандумды 2027-2029 жылдарға іске асыру жоспарына қол қойды.
ЕЭК пен МАК арасындағы Өзара іс-қимыл туралы меморандумға 2013 жылы қол қойылды. Тараптар әрбір үш жылдық кезеңге арнап Іске асыру жоспарларын бірлесіп әзірлейді және қабылдайды.