Еуразиялық экономикалық комиссия мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің (ТМД МАК) ынтымақтастық мәселелері 27-28 маусымда Бішкекте өткен ТМД МАК отырысында талқыланды. Оған мемлекеттік басқару органдарының, Достастық елдерінің стандарттау, метрология және аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдарының басшылары, Комиссия атынан Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашев және Техникалық реттеуминистрі хатшылығының басшысы Ирина Осмола қатысты.
«Комиссия үшін ТМД МАК-пен өзара қарым-қатынас жасау өте маңызды. Бірыңғай мемлекетаралық стандарттар жүйесі Еуразиялық экономикалық одақта қолданылатын бірыңғай техникалық регламенттердің дәлелдемелік базасын қамтамасыз етеді. Мемлекетаралық стандарттарды қолдану басымдығы ЕАЭО туралы шартта бекітілген, оларға қажеттілік үнемі артып келеді. Бірақ оларды жеделдетіп әзірлеу және оларға ЕАЭО елдерін қосу тетіктері «қосымша баптауды» талап етеді. Қазіргі уақытта Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп Одақтың стандарттау саласындағы құқығын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізді», - деп атап өтті Тимур Нұрашев.
Талқылаудың негізгі тақырыбы стандарттау және өлшемдердің біртұтстығын қамтамасыз ету саласындағы Комиссия мен ТМД МАК арасындағы 2013 жылғы 7 маусымдағы Меморандумды өзектендірудің орындылығы болды. Комиссияның ТМД МАК-тың Стандарттар бюросымен бірлесіп Одақтың шарттық-құқықтық базасын жетілдіруді ескере отырып, Меморандумға өзгеріс енгізу жобасын дайындау туралы шешім қабылданды.
ТМД МАК отырысының күн тәртібі аясында стандарттау, сәйкестікті бағалау, метрология және аккредиттеу саласындағы басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Комиссия өкілдері ТМД МАК жұмыс тобының Аккредиттеу жөніндегі өңірлік ұйымды (қауымдастықты) құру жөніндегі жұмыс бағдарламасын іске асыру бойынша мәселені қарауға қатысты, оның шеңберінде ТМД МАК отырысында бірқатар құжаттар дайындалып, мақұлданды. Олардың ішінде аккредиттеу жөніндегі органдарды тепе-тең бағалауды жүзеге асыру тәртібі; басшылық тарапынан талдау жүргізу жөніндегі рәсім; Еуразиялық ынтымақтастықтың мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл бойынша аккредиттеу жөніндегі саясаты; біліктілікті тексеру бағдарламаларын жүргізу бойынша қызметтер көрсететін ұйымдарды таңдау тәртібі; жазбаларды басқару жөніндегі рәсім.
Сонымен қатар ТМД МАК алаңында Комиссия Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің және Өзбекстанның техникалық реттеу агенттігінің өкілдерімен екіжақты кездесу өткізді. Одақ пен Өзбекстан Республикасының техникалық реттеу жүйелерін жақындастыру мәселелері бойынша, оның ішінде ЕАЭО мемлекеттері мен Өзбекстан арасындағы сауда жасаудағы техникалық кедергілерді жою мақсатында бірлескен кешенді жұмысты ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды. Комиссия алаңында өнімнің белгілі бір түрлеріне қатысты техникалық реттеу бойынша тұрақты консультациялар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.