Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңесі (ТМД МАК) мен Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) арасындағы өзара іс-қимылды өзара саудадағы тосқауылдарды жою және техникалық реттеу тәсілдемелерін үндестіру бөлігінде тереңдету 9-10 шілдеде Қырғызстанда өткен ТМД МАК 69-шы отырысында қаралды.
ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Серік Құсайынов ТМД МАК-тың Достастық кеңістігінде сапа инфрақұрылымын қалыптастыратын өзін-өзі қамтамасыз ететін салалық институт ретіндегі маңызды рөлін атап көрсетті.
ЕЭК өкілі әріптестерін ЕАЭО құқығында бекітілген саудадағы техникалық тосқауылдарды жою тәсілдемелері туралы хабардар етті және олардың қалыптасқан халықаралық практикаға сәйкестігін растады. Ол сондай-ақ осы саладағы үздік практика ауысу үшін ЕАЭО мен ТМД құрылымдары арасындағы екіжақты диалогты жандандыру қажеттігін атап өтті."ЕАЭО құқығында мемлекетаралық стандарттарды басым қолдану олардың екі интеграциялық бірлестік үшін де шынайы сұраныста болуына байланысты. Бүгін біз мемлекетаралық стандарттау Еуразиялық экономикалық одақтың қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, практикалық бағытқа көбірек ие болып отыр деп тиянақтай аламыз", – деп атап өтті Серік Құсайынов.
Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері стандарттау, метрология, сәйкестікті бағалау және аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдарының, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің, МАК стандарттары жөніндегі бюроның, Халықаралық стандарттау ұйымының, Халықаралық электр техникалық комиссияның және ЮНИДО өкілдері қатысты.
ЕЭК пен ТМД МАК өзара іс-қимылы Стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға (2013 жылғы 7 маусымда қол қойылған) сәйкес, сондай-ақ 2018 жылғы 27 қарашадағы ЕЭК пен ТМД Атқарушы комитеті арасындағы Өзара іс-қимылды тереңдету туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.