ЕЭК пен Моңғолия Уақытша сауда келісімінің әлеуетін ашу үшін нақты іс-шаралар мен жобаларды айқындады
03.07.2026

3 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Михаил Черекаев "Моңғолия-Еуразия" стратегиялық диалогының "Моңғолия және Еуразия ынтымақтастығы үшін қаржылық және сауда өзара іс-қимылдың құралдары" панельдік сессиясына онлайн-форматта қатысты.


Уақытша сауда келісімі күшіне енгеннен кейінгі Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Моңғолияның сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту және тереңдету мәселелері талқыланды.

Іс-шараға ЕАЭО мемлекеттерінің, Моңғолияның іскер топтарының, Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері, сондай-ақ шақырылған сарапшылар қатысты.

Михаил Черекаев кездесуге қатысушыларды Уақытша сауда келісімінің пайдасы туралы, сондай-ақ ЕАЭО елдері мен Моңғолия арасындағы сауданың әлеуетін ашу үшін келісім тараптары жүргізетін іс-шаралар туралы хабардар етті. 

"Біз Моңғолиямен Уақытша сауда келісімін имплементациялау ол күшіне енген алғашқы күннен бастап тиімді жүзеге асырылуын көздеп отырмыз. Осыған байланысты ЕАЭО ішінде де, моңғол тарапымен кооперацияда да тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Біз нақты іс-шараларды өткізу туралы уағдаластық және ынтымақтастықтың түрлі саласында бірқатар жобаны іске асыруға ниеттіміз", — деп атап өтті ЕЭК өкілі. 

2025 жылғы 27 маусымдағы бір жағынан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші жағынан Моңғолия арасындағы Уақытша сауда келісімі 2026 жылғы 22 шілдеде күшіне енеді.

Келісім күшіне енген сәттен бастап әрбір тарап үшін 367 тауар қосалқы позициясына қатысты кедендік баж нөлге түсіріледі немесе төмендетілетін болады. Келісім қолданысын тағы да үш жылдық кезеңге автоматты түрде ұзарту мүмкіндігімен 3 жылға жасасылды.