Жаңалықтар

28.02.2023 (Обновлено: 02.03.2023 09:53)

ЕЭК пен Мәскеу энергетика институты ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

27 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен «Мәскеу энергетика институты» ҒЗУ ректоры Николай Рогалев 2023-2024 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

ЕЭК Алқасының басшысы соңғы жылдары Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жастары Еуразиялық экономикалық интеграцияға көбірек қызығушылық білдіріп отырғанын атап өтті.

«Біз ЕАЭО-ның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығымызды тұрақты негізде құрып келеміз. Комиссияға және біздің Одағымызға жаңа, жақсы даярланған жас кадрлар мен дағдыдан тыс, соның ішінде энергетика саласында ең маңызды идеялар қажет», — деп атап көрсетті Михаил Мясникович.

Қол қоюдың салтанатты рәсіміне ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошев қатысты. Оның сөзінше, «МЭИ» ҒЗУ — Ресейдің жетекші жоғары оқу орны, ол посткеңестік кеңістіктегі көптеген мемлекет пен үшінші елдер үшін энергетика, электр техникасы, радиотехника және электроника саласында танылған мамандарды даярлайды.

Ынтымақтастық бағдарламасына қол қою Комиссияның «МЭИ» ҒЗУ-мен тығыз өзара іс-қимылының қисынды жалғасы болды және Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі Арзыбек Кожошевтің пікірінше, Еуразиялық экономикалық кеңістікте энергетика саласындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамытуға оң ықпалын тигізетін болады.