Жаңалықтар

04.05.2022 (Обновлено: 16.05.2022 17:12)

ЕЭК пен Қырғызстанның ғылыми топтары интеграцияны дамыту перспективаларын және оларға ЕАЭО ғылыми қоғамдастықтарының қатысу мәселелерін талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаментінің өкілдері ЕЭК-тің 10 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде 29 сәуірде Бішкекте Муса Рыскулбеков атындағы Қырғыз экономика университеті алаңында өткен «ЕЭК-ке 10 жыл: кеше, бүгін, ертең» дөңгелек үстеліне қатысты. Іс-шара барысында Қырғызстанның ғылыми топтарының, Комиссияның және Қырғыз Республикасы мемлекеттік билік органдары өкілдерінің арасында Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығын дамытудың ағымдағы болмысы мен перспективалары туралы, соның ішінде ішкі нарықта сақталып отырған кедергілерді жою жолдары туралы пікір алмасу болып өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар интеграция мәселелері бойынша Қырғызстанның ғылыми топтарымен, соның ішінде Муса Рыскулбеков атындағы Қырғыз экономика университетінде жұмыс істейтін алаңда жұмысты жалғастыруға уағдаласты.Еуразиялық экономикалық комиссия атынан Ішкі нарықтардың жұмыс істеуі департаментінің директоры Алмаз Сазбаков «ЕАЭО-ның ішкі нарығы: мүмкіншіліктер мен артықшылықтар» туралы баяндама жасап, Қырғыз Республикасының ЕАЭО-ға мүшелігінің жеті жылы ішіндегі қорытындыларын ұсынды.

«Еуразиялық экономикалық одақ жеті жылға таяу уақыттан бері жұмыс істейді, интеграциялық бірлестік ретінде ол мүше мемлекеттерді жақындастырып қана қоймайды, сонымен бірге елдердің әлемдік нарыққа бірлесіп шығуына көмектесетін драйвер болып табылады, бұл әсіресе қазіргідей бүкіл әлемдегі жайсыздау экономикалық жағдай кезінде маңызды. Бізге Одақ ішіндегі жатық жұмыс, жаңа кооперациялық тізбектер құру, шаруашылық қызметтің жағдайларын оңайлату, өзара саудада кедергілерді жою осындай мүмкіндікті беріп отыр», — деп атап өтті ол. 
Алмаз Сазбаков сондай-ақ Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Ж. Абдрахманов атындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратура, аспирантура студенттері және профессор-оқытушылар құрамы алдында лекция оқыды.