ЕЭК пен Никарагуа ПХЭФ-2026 аясында бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды
Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Данияр Иманалиев пен Никарагуа Республикасы тең Президенттерінің инвестициялар, сауда және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Лауреано Факундо Ортега Мурильо Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында ЕЭК пен Никарагуа Республикасы Үкіметінің 2026-2029 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды. 

Құжат салалық диалогқа серпім беруге, ЕЭК-тің реттеушілік ортасы туралы, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Никарагуа арасындағы бизнесті жүргізудің коммерциялық мүмкіндіктері мен талапшарттары туралы ақпарат тапшылығын жоюға арналған.

"Жоспарды іске асыру бізге бір-бірімізді жақсырақ білуге және бірлескен жұмыс тобының алаңында да, салалық іс-шаралар шеңберінде де іскер топтардың лайықты өкілдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп сенеміз", — деп атап көрсетті ЕЭК министрі. 

Тараптар ЕЭК пен Никарагуа Республикасының Үкіметі арасындағы Өзара іс-қимыл туралы меморандумды іске асыру шеңберінде бірлескен жұмыс тобының екінші отырысын дайындауға бөлек назар аударды. Қатысушылар отырыстың күн тәртібін сарапшылар жұмыс тәртібінде пысықтайды және келіседі, отырысты ағымдағы жылдың соңында өткіземіз деп уағдаласты.

Жоспарда кедендік реттеу, техникалық реттеу, СФС-шаралар, көлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, бәсекелестік, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, қаржы нарықтарын дамыту сияқты салалардағы іс-шаралар көзделген.