ЕЭК Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Микаел Беллуян мен Иордания Хашимит Корольдігінің Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Халид Абдулла Шавабка Еуразиялық экономикалық комиссияның, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің және Иордания Хашимит Корольдігінің сауда-экономикалық диалогының перспективаларын талқылады.
Микаел Беллуян ЕЭК-тің Иордания тарапының жұмысты жандандыру, соның ішінде Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде жандандыру бойынша бұрын айтылған ұсыныстарын қолдайтынын растады.
ЕЭК Департаментінің директоры 2025 жылы бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысын өткізуге бастама жасады, оның күн тәртібіне сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырудың және бірлескен іс-шаралар жоспарын қалыптастырудың практикалық мәселелерін енгізу ұсынылды.
Иорданияның ресми топтары мен іскерлік қоғамдастығының өкілдері үшін Еуразиялық экономикалық күн тәртібі бойынша салалық семинарлар осындай іс-шара болуы мүмкін.
Халифа Абдулла Шавабка бұл ұсыныстарды қолдап, Иордания тарапы ЕЭК-тің өзара іс-қимылы мен бастамаларына ашық және оларға жоғары деңгейде қосылуға дайын деп сөзін толықтырды.
Кездесуге қатысушылар ынтымақтастықты жандандыру мәселелерін пысықтауға уағдаласты, бұл үшін ЕЭК-тің Иордания Сауда және өнеркәсіп министрлігімен өзара іс-қимылын орнату жоспарлануда.
Микаел Беллуян Иорданияның Ресейдегі Елшісін 2025 жылғы маусымда Минскіде өтетін Еуразиялық экономикалық форумға қатысуға шақырды.
Құжатқа сәйкес тараптар өңірлік экономикалық интеграция; экономикалық даму мен макроэкономикалық жағдаятты талдау; кедендік реттеу; техникалық реттеу; санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану; қаржы; көлік; энергетика; агроөнеркәсіптік кешен; бәсекелестік саясат және монополияға қарсы реттеу; өнеркәсіп; зияткерлік меншік; ақпараттық технологиялар; көрсетілетін қызметтер саудасы және инвестициялар; кәсіпкерлікті дамыту; мемлекеттік сатыпалым сияқты өзара қызығушылық тудыратын өзге де бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниетті.