ЕЭК пен Малайзияның Үкіметі ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылады

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында онлайн-форматта Малайзияның ресми өкілдері үшін Еуразиялық экономикалық одақтың таныстырылымы болып өтті. Іс-шараның модераторлары ЕЭК Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Микаел Беллуян және Малайзияның Инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрлігінің екіжақты экономикалық және сауда қатынастары бөлімінің аға директоры Рашиди Саид болды.

"ЕЭК-тің АСЕАН-мен және өңір елдерімен ынтымақтастығының дамыған инфрақұрылымы ЕАЭО-ның Малайзиямен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту үшін берік негіз жасайды. Өзара іс-қимыл туралы меморандум жасасу осындай перспективалы қадамның бірі бола алар еді. Комиссия қазірдің өзінде дәл осы форматта АСЕАН мемлекеттерінің көпшілігімен ойдағыдай жұмыс істеп жатыр", – деп атап көрсетті Микаел Беллуян.


Рашиди Саид Малайзияның мемлекеттердің жоғары басшылығы деңгейінде байланысуды нығайта отырып, ЕАЭО-ның барлық елімен екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамытып жатқанын атап көрсетті. Бұл жоғары әлеует пен өзара қызығушылық бар екенін айғақтайды.

ЕЭК өкілдері малайзиялық әріптестеріне ЕАЭО-ның ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары туралы айтып берді. Сауда саясатына, өнеркәсіп пен АӨК саласындағы басты бастамаларға, кедендік реттеуге және көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға айрықша назар аударылды. Сондай-ақ, ЕАЭО нарығына жеткізілетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды. Экономиканың нақты секторында инновациялық технологияларды ендіру саласында, сондай-ақ халал өнімдер нарығын реттеу мәселелерінде үздік практика ауысу үшін жақсы мүмкіндіктер бар екендігі атап өтілді.

Малайзия тарапынан таныстырылымға Инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрлігінің, Көлік министрлігінің, Малайзияның сыртқы сауданы дамыту корпорациясының, сондай-ақ Малайзияның инвестицияларды дамыту басқармасының өкілдері қатысты.

Малайзия ЕАЭО-ның АСЕАН елдері арасында Сингапур, Вьетнам және Индонезиядан кейінгі төртінші сауда әріптесі болып табылады. Малайзия экономикасының күшті жақтары деп дамыған минералдық-шикізат базасын, ауыл шаруашылығын, өнеркәсіпті және туризмді атауға болады.