Жаңалықтар

07.12.2021 (Обновлено: 06.04.2022 17:36)

ЕЭК пен Моңғолия Үкіметі 2025 жылға дейінгі өзара іс-қимыл жоспарын талқылайды

Ынтымақтастықтың бұрын құрылған инфрақұрылымын дамыту және салалық өзара іс-қимыл үшін жаңа механизмдер іздеу Интеграция және макроэкономика жөніндегі министр Сергей Глазьев пен Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунх Батцэцэгтің тең төрағалығымен 6 желтоқсанда бейнеконференция режимінде өткен Еуразиялық экономикалық комиссия мен Моңғолия Үкіметі арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі бірлескен жұмыс тобының төртінші отырысының басты назарында болды.

Тараптар ЕЭК және моңғол министрліктері мен ведомстволары арасындағы 2015 жылғы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған сәттен бастап белсенді дамып келе жатқан өзара іс-қимылға тұтастай қанағаттанғандықты атап өтті.

 

«Соңғы жылдардағы көзбе көз форматтың мәжбүрлі шектелуіне қарамастан, ЕЭК-тің бейінді департаменттері мен Моңғолия билігінің мүдделі органдары бірлескен жұмысты жалғастырды»,- деп атап көрсетті Сергей Глазьев.

Тараптар ЕАЭО мен Моңғолиядағы техникалық реттеудің, СФС-шараларды қолданудың, кедендік реттеудің және кедендік инфрақұрылымның, өнеркәсіп мен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Кездесуге қатысушылар сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттері мен Моңғолия арасындағы тауар айналымының динамикасын қарады және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуын тежейтін себептерді талдады, жұмыс тобының өткен отырысынан кейін болған нормативтік құқықтық реттеудегі өзгерістер туралы ақпарат алмасты.

 

ЕЭК Интеграция және макроэкономика жөніндегі министр Сергей Глазьев атап өткендей, 2020 жылы ЕАЭО мемлекеттерінің Моңғолиямен тауар айналымы 1,5 млрд АҚШ долл.құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 19% кеміді, алайда 2021 жылы өсім қайта басталды.

 

«Ағымдағы жылдың тоғыз айы ішінде ЕАЭО елдерінің Моңғолиямен тауар айналымы 23% өсті, бұл ретте де өзара сауданың әлеуеті толық пайдаланылмағаны анық»,- деді Сергей Глазьев.

 

Жұмыс тобының мүшелері оң динамиканы сақтау үшін қабылдауға болатын шараларды, соның ішінде кедендік-тарифтік сипаттағы ықтимал шараларды талқылады. ЕЭК пен Моңғолия Үкіметінің   Меморандумды іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары 2025 жылға дейін ұзартылатын және өзектілендірілетін болып шешілді.

 

Моңғолияның Сыртқы істер министрі ЕЭК пен Моңғолия Үкіметінің    бірлескен қызметіне жоғары баға берді және ЕАЭО мемлекеттері мен Моңғолия үшін өзекті практикалық өзара іс-қимыл салаларындағы алдағы жемісті ынтымақтастыққа үміт білдірді.

 

ЕАЭО елдері мен Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың түйінді резерві ретінде іскер топтар мен бизнес-қауымдастықтар арасындағы байланысуды жандандыру айқындалды. ЕАЭО Іскерлік кеңесі атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Сергей Михневич атап өткендей, кеңес Моңғолия бизнесі өкілдерімен, соның ішінде Моңғолияның Ұлттық сауда-өнеркәсіп палатасын өз іс-шараларына тарту арқылы ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге ұмтылады.

 

Моңғол тарапы келесі жылы Улан-Баторда ЕАЭО тақырыбына арналған Іскерлік форумын өткізуді, сондай-ақ Моңғолия аумағынан ЕАЭО-ның сауда үйлерін, Одақ мемлекеттері аумағынан Моңғолияның сауда үйлерін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

 

Тараптар келесі жылы байланысуды, соның ішінде моңғол тарапын Петербург халықаралық экономикалық форумына, Астана экономикалық форумына, Еуразиялық экономикалық форумға және басқа іс-шараларға қатысуға тарту арқылы қарқынды етуге уағдаласты.

Кездесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды бекітетін хаттамаға қол қойылды.

 

Жұмыс тобының келесі отырысы 2022 жылдың екінші жарты жылдығында Моңғолияда өтеді.