Жаңалықтар

24.06.2022 (Обновлено: 06.07.2022 11:00)

ЕЭК пен «Россельхознадзор» Одақ АӨК-ін цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлауда

Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнянның Федералдық ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау қызметі («Россельхознадзор») басшысының орынбасары Светлана Алексеевамен жұмыс кездесуі шеңберінде осындай уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың агроөнеркәсіптік кешеніндегі цифрлық трансформациялау мәселелерін талқылады.

 «Россельхознадзор»-дың агроөнеркәсіптік кешендегі цифрландыру жөніндегі тәжірибесі Комиссияға АӨК-те цифрлық механизмдерді ендіруді, соның ішінде ЕАЭО-ның тауар жеткізу желісінде ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін жеделдетуге мүмкіндік береді. Комиссия «Россельхознадзор»-мен ЕАЭО-дағы кредиттеу, инвестициялар мен ауыл шаруашылығы және сауданы дамытуға жәрдемдесу саласында ұлтүсті ақпараттық жүйелерді дайындау жұмысында тығыз өзара іс-қимыл жасауға мүдделі», — деді Армен Арутюнян.


ЕЭК департаментінің директоры агроөнеркәсіптік блоктың цифрлық бастамаларын таныстырды және қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективадағы ЕЭК қызметінің басым бағыттары туралы әңгімеледі.

Кездесу барысында Одақта ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің өзара саудасында жеке алғандағы құралдар мен цифрлық шешімдерді интеграциялау мүмкіндігі де талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша өзара тиімді әрі жемісті ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру және кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Тараптар әзірленуі мен ендірілуі өзара қызығушылық тудыратын көптеген жобаның бар екенін растады. Атап айтқанда, Светлана Алексеева атап өткендей, «Россельхознадзор» Ресейдің маңызды сауда әріптестері болып табылатын ЕАЭО елдерімен өнімді ветеринариялық және фитосанитариялық электрондық сертификаттау жүйелерін интеграциялауға көп көңіл бөледі. Ол сондай-ақ «Россельхознадзор» мүше мемлекеттерге жан-жақты көмек көрсетуге, жинақталған тәжірибе және техникалық шешімдермен бөлісуге дайын екенін атап көрсетті.