Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК пен БӨД Одақ шеңберінде роумингтегі шақырулардың құнын төмендету мәселелерін талқылады
ЕЭК пен БӨД Одақ шеңберінде роумингтегі шақырулардың құнын төмендету мәселелерін талқылады
10.12.2025
Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Максим Ермолович ЕЭК штаб-пәтерінде Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың (БӨД) бас директоры Алексей Бородинмен жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар халықаралық роумингте шақырулардың құнын төмендету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтағы байланыс операторларының желілерінде фродқа (алаяқтыққа) қарсы күрес мәселелерін талқылады.
2025 жылғы бірлескен жұмыстың қорытындысы шығарылды, ЕЭК пен БӨД өзара іс-қимылының бұдан арғы кезеңдері белгіленді.
Максим Ермолович Одақ шеңберінде роумингте әділ тарифтерді белгілеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын одан әрі іске асыру бойынша БӨД-пен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Байланыс саласындағы өңірлік достастық (БӨД) – Халықаралық электр байланысы одағының (ХЭО) алты өңірлік ұйымының бірі. Достастық ХЭО және БҰҰ қолдауы аясында ТМД-ның 12 мемлекетін біріктіреді. Ынтымақтастық электр байланысы, пошта байланысы, ақпараттандыру саласында жүргізіледі.