2 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян мен ТМД Атқарушы комитеті Төрағасының орынбасары Денис Трефилов қоғамды цифрлық дамыту саласында тәжірибе алмасу мүмкіндігін және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ өзара саудадағы кедергілерді анықтау мен жою мәселелерін талқылады.
Бұдан басқа, тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық жобаларының географиясын кеңейту мүмкіндіктерін қарады.
ЕЭК министрі Гегам Варданян Одақтың цифрлық күн тәртібінің бағыттары бойынша бірлескен жұмысқа дайындықты білдірді, сондай-ақ Деректер айналымы туралы келісіммен жұмысты жалғастырудың және үшінші елдермен, соның ішінде ТМД мемлекеттерімен ақпараттық өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін атап өтті.
ТМД Атқарушы комитеті Төрағасының орынбасары Денис Трефилов интеграциялық бірлестіктердің өзара іс-қимылының өзектілігін, ұдайы ақпарат алмасып отыру және екі ұйым үшін де ықылас білдірілген бағыттар бойынша бірлескен жұмыс ұғымдық аппаратты қалыптастыру мен әртүрлі саланың дамуының құқықтық негіздері бөлігінде қажеттігін ерекшелеп айтты.
Тараптар релевантты тәжірибе бойынша бұдан да тығыз өзара іс-қимыл және бірқатар мәселе бойынша ықтимал ынтымақтастық жайында уағдаласты.