Жаңалықтар

21.10.2022 (Обновлено: 28.10.2022 12:52)

ЕЭК пен ТМД цифрлық ортада зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың ұлтүсті механизмдерін дамыту перспективаларын талқылады

"Заманауи әлемдегі зияткерлік меншік: уақыттың сын-тегеуіріндері және даму перспективалары" II халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы шеңберінде ЕЭК пен ТМД-ның Еуразиялық кеңістік шеңберінде цифрлық ортада зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың интеграциялық механизмдерін қалыптастыру тұрғысындағы мүмкіндіктерін талқылау болып өтті.

 ЕЭК Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары Нуржамал Ильясова мен ТМД Атқарушы комитеті экономикалық ынтымақтастық департаменті ғылыми-техникалық ынтымақтастық және инновациялар бөлімінің бастығы Тимур Мансуров екі ұйымның бұл бағыттағы сындарлы өзара іс-қимылы жасасылған Өзара іс-қимыл туралы меморандум шеңберінде жүзеге асырылатынын және Еуразиялық интеграциялық процестерді бірлесіп құру мақсатында ЕАЭО құқығы мен ТМД-ның халықаралық құқықтық базасын ұштастыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталғанын атап өтті.

"Соңғы онжылдықта зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға байланысты құқыққа қарсы әрекеттер цифрлық ортаға көшуде, сол себепті біздің бірлескен күш-жігеріміз өзін-өзі ақтайтын әрі өзекті болып табылады",- деп мәлімдеді Нуржамал Ильясова.

Бұл ретте ЕЭК өкілі Комиссияның ағымдағы жұмысы Интернет желісіндегі зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуына қарсы күрес жөніндегі келісілген тәсілдемелер туралы ЕАЭО-ның халықаралық келісімінің жобасын дайындауға бағытталғанын, соның ішінде заңсыз контентті бұғаттауды, бұғатталған сайттардың айналарына қол жеткізуді шектеуді қолдану мүмкіндіктерін, іздеу жүйелерінің қолжетімділігі шектелген ақпараттық ресурстар туралы мәліметтерді беруді тоқтатуды, сондай-ақ қарсы әрекет етудің басқа да шараларын көздейтінін атап өтті.

Әзірленген құралдарды ендіру Интернет желісінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғаудың тиімді Еуразиялық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.