Данияр Иманалиев Комиссияның статистиканың жетілдірілген шағын жүйесін әзірлеу және SDMX еуразиялық тіркелімін құру жөніндегі тәжірибесімен бөлісті. Ол мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарына оның функциялары мен пайдалану әлеуетімен танысу үшін тіркелімге қолжетімділік берілгенін атап өтті.
Константин Лайкам ТМД Статистика комитетінің Semantic Web қағидаттарына сәйкес әзірленген білімді басқару жүйесін және ашық деректерді қалыптастыру жөніндегі жұмысы туралы айтып, SDMX жаһандық тіркелімін анықтамалықтарды модельдеуге біріктіру жөніндегі жоспарларымен бөлісті.
Сондай-ақ, ЕЭК-ке мүше мемлекеттердің статистикалық ақпаратты ұсыну форматтарын және ТМД Статистика комитетінің сауалнамаларын деректерді жинау және өңдеу процестерін оңтайландыру және елдерге жүктемені азайту үшін біріздендіру мәселесі қаралды.
Тараптар тәжірибе алмасудың әртүрлі деңгейлерінде өзара іс-қимылды жалғастыруға және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану саласындағы соңғы әзірлемелерді талқылауға дайын екендіктерін білдірді.