Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаментінің директоры Қуат Рахимовтың басшылығымен 10 қыркүйекте Кедендік реттеу жөніндегі консультативтік комитет жанындағы бейінді жұмыс тобының отырысында Еуразиялық экономикалық одақтағы уәкілетті экономикалық оператор институтын (УЭО) жетілдіру талқыланды.
Ресей Федерациясының тәуекел деңгейі төмен адамдардың санаты үшін алдын ала кедендік декларациялауды қолдануды жеңілдету жөніндегі бастамасы қаралды. Декларациялаудың осы ерекшелігін пайдалану кезінде бірқатар кедендік операцияны оңайлату және кеденнің артық хабарламаларынан бас тарту ұсынылады. Бұл өткізу пункттерінде кедендік бақылаудан өтуді жеделдетуге және бизнес шығындарын азайтуға көмектеседі.
Резиденттің арнайы экономикалық аймақ шеңберінде УЭО мәртебесін қолдануы бойынша Қазақстан Республикасының ұсынысын қарау жалғастырылды. Бұл арада сөз екі мәртебенің болуы артықшылық әкелуі және резиденттерді УЭО бағдарламасына қосу туралы болып отыр.
Сондай-ақ, операторларға кедендік әкелу бажын төлеуді кейінге қалдыруды немесе бөліп төлеуді қамтамасыз етусіз пайдалануға мүмкіндік беретін Армения Республикасының бастамасын іске асыру жөніндегі бұдан арғы қадамдар талқыланды. Бұл өнеркәсіптік өңдеу үшін және ауыл шаруашылығы қызметінде қолданылатын тауарлардың жекелеген санатына қатысты.
Уәкілетті экономикалық оператор институты — әріптестік бағдарламасының халықаралық танылған стандарты, ал УЭО — белгілі бір талаптарға сай келетін тұлғалар ретінде кедендік операциялар мен кедендік бақылау жүргізу кезінде оңайлату ұсынылатын тұлғалардың айрықша санаты.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде УЭО институтын дамыту жөніндегі жұмыс тобы 2014 жылы құрылды. Ол Одақта уәкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды.