Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ветеринария саласындағы уәкілдері үшін ДЖДҰ-ның Еуропа бойынша өңірлік өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырған консультациялар барысында ірі қара малдың бор кемік тәрізді ми дерті (BSE) бойынша елдің ресми мәртебесін алу үшін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымына (ДЖДҰ) өтінім беру рәсіміне, тәуекелдерді бағалауды және эпизоотологиялық қадағалауды жүргізуге байланысты мәселелер, тиісті мәртебе алу үшін орындалуы қажет ДЖДҰ талаптары, сауданы жүзеге асыру кезіндегі ДЖДҰ ұсынымдары қаралды.
ДЖДҰ қабылдаған BSE бойынша жер үсті жануарлары кодексі стандарттарының өзгеруіне және олардың практикалық қолданылуына айтарлықтай көңіл бөлінді. Негізгі өзгерістер дәлдеп эпизоотологиялық қадағалау жүйесінен нысаналы жүйеге көшуге, сондай-ақ қоздырғыштың оны әкелу тәуекелін бағалау нәтижелеріне қарамастан малға әсер ету тәуекелін бағалауды жүргізу қажеттігіне байланысты. BSE бойынша қадағалау жүйелерін ұлттық деңгейде ДЖДҰ талаптарымен үндестіру үшін "BSE-ні нысаналы эпизоотологиялық қадағалау жөніндегі нұсқау" әзірленді."BSE бойынша бақыланатын немесе тәуекелі төмен ел мәртебесін алу мәселелері бүгінгі күні өзекті болып табылады, өйткені елде мұндай мәртебенің болуы оның экспорттық әлеуетін едәуір нығайтуына мүмкіндік береді", – деп атап өтті ЕЭК Санитарияық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті директорының орынбасары Владимир Субботин.
Іс-шараға қатысушылар қазірдің өзінде BSE бойынша ДЖДҰ ресми мәртебесін алған елдің жыл сайын жүзеге асыруы қажет болатын растау механизмі туралы ақпарат алды."Осы ауру бойынша ДЖДҰ стандарттарын түсіну елдің BSE бойынша ресми мәртебе алуға өтінім дайындауы үшін өте маңызды. Бұл жұмыс мемлекеттік органдарды, зертханалық мекемелерді, ветеринариялық мамандарды қоса, елдің барлық ветеринариялық қызметінің қатысуын талап етеді", – деп атап көрсетті ДЖДҰ Өңірлік өкілдігінің басшысы Будимир Плавшич.
Ресейлік "БЖҚҒЗИ" ФМБМ құтыру және BSE жөніндегі референттік зертханасының және Ұлыбританияның Қоршаған орта, азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері BSE бойынша бақыланатын немесе елеусіз тәуекелі бар ресми мәртебе алу, сондай-ақ ауруды қадағалау жүйесін ұйымдастыру бойынша оң тәжірибе бөлісті.
Консультацияларға ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдары мен ведомысқа қарасты мекемелерінің өкілдері қатысты. ДЖДҰ-ның, "БЖҚҒЗИ" ФМБМ-ның, Ұлыбританияның Қоршаған орта, азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекші сарапшылары, тәуелсіз сарапшылар таныстырылым жасап сөз сөйледі.
Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы бүкіл әлемдегі жануарлардың денсаулығы үшін жауап беретін үкіметаралық ұйым болып табылады. Ол ДСҰ-ның референттік ұйымы ретінде танылған.
Ірі қара малдың бор кемік тәрізді ми дерті - инкубациялық кезеңі ұзақ созылмалы ауру; оның диагностикасы, эпизоотиялық жағдаят мониториңі айтарлықтай ұйымдастырушылық күш-жігер мен материалдық шығындарды талап етеді. Бұл аурудың елде тіркелуі сиыр еті мен ірі қара мал союдан алынған өзге де өнімдерді Одақтың басқа мемлекеттеріне, сондай-ақ үшінші елдерге экспорттау мүмкіндігін (тыйым салуға дейін) күрт шектейді.