ЕЭК пен ДЖДҰ қой мен ешкі шешегінің өзекті мәселелері бойынша семинар өткізді
05.12.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия мен Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының (ДЖДҰ) Еуропа бойынша өңірлік өкілдігі 5 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ветеринария саласындағы уәкілдері үшін қой мен ешкі шешегінің профилактикасы және оны жою мәселелері бойынша вебинар өткізді.


ОСанитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаменті директорының орынбасары Владимир Субботин Комиссия атынан Іс-шараға қатысушыларға ілтифат лебізін арнап, ЕЭК-тің 2014 жылы жасасылған Өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде ДЖДҰ-мен ойдағыдай ынтымақтастықта он жылдан астам тәжірибесі бар екеніне назар аударды.

"Талқыланатын мәселелердің өзектілігі қой мен ешкі шешегінің мал шаруашылығына үлкен зиян келтіретіндігіне, халықаралық саудада елеулі шектеу шараларының белгіленуіне және соның салдарынан ЕАЭО елдерінің экспорттық әлеуетінің төмендеуіне әкеп соқтыратындығына байланысты", – деп атап өтті Владимир Субботин.

ДЖДҰ-ның Еуропа бойынша өңірлік өкілдігінің басшысы Будимир Плавшич шешек сияқты қауіпті қой мен ешкі ауруына қарсы күресте елдердің ынтымақтастығы мен ортақ күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті.

ДЖДҰ сарапшылары дәстүрлі түрде Дүниежүзілік ұйымның қой мен ешкі шешегіне арналған стандарттары мен ұсыныстарына шолу жасап, Еуропа өңіріндегі ағымдағы эпизоотиялық жағдаятқа қысқаша шолуды ұсынды, сондай-ақ осы ауру бойынша 2026 жылы жоспарланған ДЖДҰ кодексіне енгізілетін негізгі өзгерістермен таныстырды.

Вебинар барысында ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдарының, сондай-ақ "Федералдық жануарлар денсаулығын қорғау орталығы" ФМБМ өкілдері іс-шараға қатысушыларға өз өңірлеріндегі эпизоотиялық ахуал және күйіс қайыратын ұсақ жандықтардың шешегіне қатысты жұмыс туралы хабарлады. Келесі жылы қой мен ешкі шешегі бойынша Одақ елдерінің зертханааралық салыстыру сынақтарын өткізу қажеттігі атап өтілді.

Құзыретті органдардың өкілдері мен бірқатар Еуропалық елдердің – Болгария, Сербия, Грекия және Грузияның ДЖДҰ делегаттары осы елдердің аумақтарында орын алған аурудың жайылуына қарсы күресу тәжірибесі, эпизоотологиялық тергеп-тексеру нәтижелері және оларды оқшаулау мен жою кезінде туындаған проблемалар туралы айтты. Жануарларды вакцинациялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Вебинарға қатысушыларға ЕАЭО елдерінде эпизоотиялық қауіпсіздіктің зертханалық мониториңін автоматтандыруға орайлас кешенді тәсілдемені ендіру туралы ақпарат ұсынылды.

Сөзінің соңында Владимир Субботин іс-шарада алынған ақпарат, ДЖДҰ стандарттары мен ұсынымдарын пайдалану ЕАЭО елдерінің ветеринариялық мамандарына күйіс қайыратын ұсақ жандықтар шешегінің таралуына қарсы күресте олардың жұмысын ұйымдастыруға көмектесетініне сенім білдірді.


Вебинар Комиссия мен ДЖДҰ-ның Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралардың бекітілген бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылды.

Іс-шараға ТМД Атқарушы комитетінің және ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттер – Куба мен Өзбекстанның өкілдері қатысты.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (ДЖДҰ) – бүкіл әлемдегі жануарлардың денсаулығын жақсартуды және жаһандық эпизоотиялық саламаттықты қамтамасыз етуді өзіне мақсат етіп қоятын жетекші халықаралық ұйым. ЕЭК пен ДЖДҰ 2014 жылғы Өзара түсіністік туралы меморандум және оны іске асыру жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде ынтымақтасады.

Қой шешегі мен ешкі шешегі – күйіс қайыратын ұсақ жандықтардың өте жұқпалы вирустық аурулары. ДЖДҰ жіктеуі бойынша бұлар эпизоотия тудыруы және үлкен экономикалық зиян келтіруі мүмкін жануарлардың трансшекаралық ауруына жатады.




Скачать исходники фотографий