ЕЭК пен ЮНИДО Ынтымақтастық туралы декларация қабылдады
23.11.2025
23 қарашада Эр-Риядта Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіптік даму жөніндегі бас конференциясының (ЮНИДО) 21-ші сессиясы аясында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев пен ЮНИДО бас директоры Герд Мюллер Ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойды.

"Бүгінде өнеркәсіптік саясат пен орнықты даму саласындағы міндеттердің ауқымын ескере отырып, біз ынтымақтастықты жаңа, неғұрлым жүйелі және өлшенімді деңгейге шығаруға мүдделіміз. Сондықтан біз осы декларацияға қол қоюға ерекше мән береміз. Құжат ЕАЭО мемлекеттерінің тұжырымды ұстанымын көрсетеді", – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Декларация өзара іс-қимыл үшін орнықты негіз жасайды, бірлескен жұмыс қағидаттарын тиянақтайды, цифрландыруды, энергия тиімділігін арттыруды, жасыл шешімдерді ендіруді, шағын және орта кәсіпорындарды дамытуды қоса, бірқатар бағыт бойынша ортақ бастамалар тізбесін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Комиссия үшін ЮНИДО-ның талдамалары мен әдіснамалық тәсілдемелерін қолдану ерекше мәнге ие. Бұл бізге өз стратегияларымызды жаһандық трендтермен салыстыруға және Еуразиялық интеграциялық бірлестік шеңберінде неғұрлым салыстыра тексерілген шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді", — деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының басшысы Герд Мюллермен кездесу барысында. 

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар әріптестікті одан әрі нығайту бойынша жүйелі жұмысқа дайын екендіктерін білдірді.

2014 жылы Еуразиялық экономикалық комиссия мен ЮНИДО Ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Құжат өзара іс-қимылды тереңдетудің басым бағыттары мен форматтарын айқындады.

Қарымды интеграциялық және мемлекетаралық бірлестіктермен жүйелі диалогты дамыту ЕАЭО-ның халықаралық қызметінің басты басымдықтарының бірі болып табылады.