ЕЭК ЖИ-ге және "бірыңғай терезе" механизміне орайлас жаһандық тәсілдемелерді зерделеді
09.12.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында "бірыңғай терезе" механизмін дамыту үшін сыртқы экономикалық қызметте жасанды интеллект элементтерін ендіру мен пайдаланудың халықаралық практикасы қаралды.

Құжатта озық ақпараттық-коммуникациялық технологияларға сүйене отырып, "бірыңғай терезе" механизмін және оның элементтерін дамыту мен ендіруге орайлас қазіргі заманғы әлемдік тәсілдемелер көрсетілген.

Шолу Комиссияның екі жылда бір рет шығарылатын материалдар сериясының жалғасы болып табылады. Бұған дейін блокчейн, үлкен деректер, Заттар интернеті сияқты және басқа цифрлық технологиялар қамтылып көрсетілді.

Шолуды дайындау кезінде Дүниежүзілік кеден ұйымының ресми есептері және ҚХР, Нидерланды және Сингапур мемлекеттік органдарының жасанды интеллектің интеллектуалды модельдері мен технологияларын кеден қызметіне ендіру жөніндегі ақпараты пайдаланылды.

Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы елдердің "бірыңғай терезе" механизмдерінде ЖИ элементтерін қолдану бойынша озық әзірлемелерге баса назар аударылды.

Әлемдік практиканы талдау Одақ мемлекеттеріне ЕАЭО елдері экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және сыртқы сауда рәсімдерін оңайлатуға ықпал ете отырып, жасанды интеллект саласындағы перспективалық шешімдерді тиімді бейімдеуге және ендіруге мүмкіндік береді.