Жаңалықтар

22.11.2022 (Обновлено: 29.11.2022 17:36)

ЕЭК елдердің практикасы негізінде сыртқы электрондық сауда саласында жаңа шешімдер дайындайды

21 қарашада Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Нұрлан Байназаровтың төрағалық етуімен кедендік операцияларды жедеғабыл жүктер мен халықаралық пошта жөнелтілімдеріне қатысты жасау тәртібін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті.
Сарапшылар Комиссияның сыртқы электрондық сауда саласында Еуразиялық экономикалық одақта пилоттық жобаны іске асыру кезінде жедеғабыл жүктер үшін декларацияны түзетуді толтыру ерекшеліктерін айқындауға қатысты шешімінің жобасын келісті.

Отырыс барысында сондай-ақ жедеғабыл жүктер үшін декларацияны және бұрын кеден қоймасының кедендік рәсімімен орналастырылған электрондық сауда тауарларын интернет-дүкендер жеке тұлғаларға өткізген кезде оларды бақылаудан автоматтандырылған алып тастау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған пилоттық жобаны жүргізу кезінде қолданылатын тауарларды бергенге дейін шығару туралы өтінішті толтыру қағидаларының өзгеруі талқыланды.

   

Анықтама

Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде сыртқы электрондық сауда саласында пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізудің жекелеген мәселелері туралы» № 7 өкіміне сәйкес Одақ елдерінде 2021 жылғы 1 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта (ұзарту мүмкіндігімен) тиісті пилоттық жоба (эксперимент) жүргізіледі.

Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі «Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі № 7 өкімінің 6-тармағына өзгеріс енгізу туралы» № 27 өкімімен жедеғабыл жүктер үшін тауарларға декларацияны түзетуді толтыру ерекшеліктерін Комиссияның айқындауы көзделген.т