Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК үш жылға өнеркәсіптік майлы спирттерге арналған кедендік әкелу бажын нөлге дейін төмендетті
ЕЭК үш жылға өнеркәсіптік майлы спирттерге арналған кедендік әкелу бажын нөлге дейін төмендетті
23.09.2025
Бұл тауарлар сұйық жуғыш және тазартқыш құралдар, сондай-ақ косметика өндірісінде, металлургия, тоқыма, былғары, лак-бояу, қағаз, тамақ, медициналық өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында қолданылатын беттік белсенді заттарды өндіруге арналған шикізат болып табылады.
Қазір Еуразиялық экономикалық одақта өнеркәсіптік майлы спирттер өндірілмейді, сондықтан бар қажеттіліктер импорт арқылы өтеледі.
"Қабылданған кедендік-тарифтік реттеу шарасы Одақ елдеріндегі беттік-белсенді заттар өндірушілерін қолдауға, дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, сондай-ақ ЕАЭО ішкі нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектеседі", – деп атап өтті ЕЭК-тің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
ЕЭК Алқасының бұрын қабылданған шешімдеріне сәйкес аталған тауарларға қатысты кедендік әкелу бажының 0% мөлшерлемесі 2015 жылғы сәуірден 2017 жылғы желтоқсанға дейін, 2018 жылғы қыркүйектен 2021 жылғы тамызға дейін, сондай-ақ 2022 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейін қолданылған.