Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істер бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің құпиялы деректерін қорғауды қамтамасыз етеді
ЕЭК бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істер бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің құпиялы деректерін қорғауды қамтамасыз етеді
«Бүгін қабылданған шешім бізге Комиссияның бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істер жөніндегі шешімдерін, олардан бір мезгілде шектеулі таратылатын ақпаратты алып тастай отырып, міндетті жариялау туралы ережені іске асыруға мүмкіндік береді», — деп түсіндірме жасады Арман Шаққалиев.
Комиссия Алқасының шешімдері шешімдерде белгіленген мерзімде, бірақ ерте дегенде олар ЕАЭО-ның ресми сайтында ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Анықтама
Қабылданған құжаттың толық атауы – «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 90 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды, Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, олардың интеграциялық бірлестіктерімен және халықаралық ұйымдармен жасасатын халықаралық шарттарын, Еуразиялық экономикалық одақ органдарының шешімдерін ресми жариялау тәртібі».