ЕЭК Өзбекстанмен өзара саудадағы тосқауылдарды және оларды жою мүмкіндіктерін ЕАЭО елдерінің бизнесімен бірге талқылады
16.10.2025
Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде Өзбекстан Республикасымен салалық ынтымақтастықты дамыту, өзара саудадағы тосқауылдарды анықтау және жою бойынша семинар өтті. Оған Еуразиялық экономикалық одақ елдері билік органдарының, бизнесінің және сарапшылық қоғамдастығының өкілдері қатысты.

"Бүгінгі семинарымыз біздің айрықша әріптесіміз — 2020 жылдан бастап ЕАЭО жанындағы байқаушы болып табылатын Өзбекстан Республикасына арналған. Біз әріптестермен тұрақты режимде жұмыс істеп келеміз, ал біздің ынтымақтастығымыздың стратегиялық сипаты бар", – деді ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.
Статистика деректеріне сәйкес ЕАЭО елдерінің Өзбекстанмен тауар айналымы үнемі өсіп келеді: өткен жылы ол бір жарым еседен астам – 15,6 млрд. доллардан 25 млрд долларға дейін артты. ЕАЭО елдері экспортының тізбесіне энергетикалық тауарлар, қара металдар, механикалық құрылғылар мен жабдықтар, ағаш, дәнді дақылдар, қант, май кіреді. Әріптес тарапынан ЕАЭО-ға тоқыма, автомобильдер, электр техникасы өнімдері, азық-түлік, жеміс-көкөніс тауарлары келіп түседі.

ЕЭК министрі іс-шараға қатысушыларды белсенді талқылауға шақыра отырып, сөзін "Біз Өзбекстанмен арадағы өсіп келе жатқан сауданы тиянақтап айтамыз, бірақ осымен бір мезгілде, тарифтік және тарифтік емес тосқауылдардың да сақталып қалып отырғанын атап өтеміз", — деп толықтырды.
Семинарда логистика, әкімшілік және кедендік рәсімдерді жетілдіру мәселелері, ЕАЭО елдерінің жеткізуші-экспорттаушыларын аккредиттеу бөлігіндегі СФС-шаралар мәселенамасы, мемлекеттік сатыпалымға қатысу, сондай-ақ өзара есеп айырысу және бизнесті ақпараттық қолдау тақырыптары қаралды. Сарапшылардың көпшілігі атап өткен түйінді міндеттердің бірі — Өзбекстан мен ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын жақындастыру жұмысы болып табылады.

"Саудадағы қазіргі бар тосқауылдар бойынша ақпарат, сондай-ақ оларды жою жөніндегі ұсыныстар өзара іс-қимылдың қолда бар форматтары шеңберінде Өзбекстандық әріптестермен бұдан арғы диалогта жүйелендіріліп, пайдаланылатын болады", — деп түйіндеді Андрей Слепнев.

Скачать исходники фотографий