Жаңалықтар

11.05.2021 (Обновлено: 20.12.2021 11:49)

ЕЭК Одақ шеңберінде зергерлік нарықты құруға арналған соңғы құжатты мақұлдады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 11 мамырдағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге қатысты соңғы құжатты мақұлдады. Сөз келісімде көзделген, ЕАЭО мемлекеттеріне Одақ елдерінде мемлекеттік сынамалайтын қадағалау тиісті деңгейде жүзеге асырылатындығын шолу сапарларының қорытындылары бойынша куәландыруға мүмкіндік беретін қорытындылар туралы болып отыр.

Құжат биылғы 18 мамырда Одақ елдерінің вице-премьерлері деңгейінде ЕЭК Кеңесінде бекітілуге тиіс.

«Бизнес пен тұтынушылар көзқарасы тұрғысынан келгенде, бұл ЕАЭО-ның зергерлік бұйымдарының ортақ нарығын қалыптастыруға қарай жасалған өте маңызды қадам. Ортақ нарық адал бизнеске өз ассортиментін кеңейтуге және Еуразиялық нарықта бәсекелестікті дамытуға көмектеседі, бұл өз кезегінде зергерлік бұйымдардың бағасын төмендетуге ықпал етеді», — деді ЕЭК Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министрі Гегам Варданян.
Оның сөзінше, келісімде көзделген сынамалайтын қадағалау саласындағы таңдаулы әлемдік практика тұтынушылар құқығын қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мақұлданған құжат халықаралық шартты толық ауқымда іске асыру және сынамалайтын таңбаларды өзара тануды қамтамасыз ету үшін ЕАЭО-да қажетті жағдайлар жасайды.

Еуразиялық интеграциялық «бестіктің» барлық елі ЕАЭО шеңберінде зергерлік саладағы келісімді ратификациялағанын және ол жақында күшіне енетінін еске саламыз.