Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 13 наурызда Еуразиялық экономикалық одақта жаңғыртылатын энергия саласындағы өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытудың перспективалық бағыттарын айқындады. Бұл орайда сөз шағын гидроэнергетика, жел энергетикасы, күн энергетикасы, геотермалдық энергетика, келгінсу электр станциялары, биоотын өндірісі туралы болып отыр.
ЕАЭО елдеріне жаңғыртылатын энергия көздері негізіндегі жүйелер үшін жиынтықтауыш өндірушілердің қалыптастырылған, Одақтың ресми сайтында орналастырылған тізбесін назарға алу ұсынылды.
ЕЭК Алқасы сондай-ақ мүше мемлекеттерде жаңғыртылатын көздерді пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру кезінде қолданылатын негізгі және көмекші өндіруші жабдықтар өндірісін дамытуды ынталандыруды ұсынды.
Одақ елдеріне өндірісті мүмкіндігінше барынша оқшаулай отырып, экономикалық жағынан бәсекеге қабілетті жабдықтарды (соның ішінде түбегейлі жаңа энергетикалық қондырғыларды) шығаруды ұйымдастыру жөніндегі кооперациялық және технологиялық тізбектерде жаңғыртылатын энергия көздері негізінде жүйе өндірушілерінің қатысуына жәрдемдесу ұсынылды.
Комиссия Алқасы ұсынымдарын іске асыру ЕАЭО елдерінің осы саладағы өнеркәсіптік ынтымақтастығын дамыту жөніндегі шараларды жүйелеу және жаңғыртылатын энергетиканы дамытуды реттеушілік қолдаудың қазірдің өзінде қолданыстағы механизмдерін толықтыруға мүмкіндік береді.