Жаңалықтар

15.06.2022 (Обновлено: 28.06.2022 13:23)

ЕЭК жасыл аграрлық секторды дамыту жолында ЕАЭО шеңберінде жалпы жағдайлар әзірлеу үшін ашық

Бұл туралы бизнес пен биліктің «Ресей ритейлі апталығы» VIII халықаралық форумы шеңберіндегі «Экотаңбалау: сегментте импортты алмастыру немесе гринвошингпен күрес» панельдік пікірсайысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян мәлімдеді.

Пікірсайысқа қатысушылар өндірушілер мен тұтынушылар арасында органикалық ауыл шаруашылығы тұжырымдамасын ілгерілетуге, мемлекеттік реттеу мен гринвошингке, сондай-ақ органикалық өнім нарығын дамыту перспективаларына қатысты бірқатар мәселелерді қарады.

«Комиссия ЕАЭО елдерімен бірлесіп Одақта органикалық өнімнің еркін айналысына бағытталған келісім жобасын әзірлеуді аяқтауда. Органикалық өнімге қойылатын талаптарды біріздендіру үшін «Роскачество» басшысының төрағалық етуімен «Органикалық өндіріс өнімі» мемлекетаралық техникалық комитеті жұмыс істейді, оның құрамына ЕАЭО-ның барлық мемлекетінің өкілдері кірді», — деп атап өтті Армен Арутюнян.

Кездесуге қатысушылар ESG-қағидаттарын іске асыруды, орнықты ауыл шаруашылығына орайлас тәсілдемелерді, сондай-ақ халықаралық климаттық күн тәртібін де талқылады.

«ЕЭК-тің агроөнеркәсіптік блогы дәлме-дәл егіншілік технологияларын қолдануда, топырақтың құнарлылығын сақтау мен қалпына келтіруде, акваөсірудің орнықты өсімін қамтамасыз етуде мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын дамытуды қазірдің өзінде пысықтауда. ЕЭК бизнес пен мемлекеттік органдар үшін өзара пайдалы, кооперациялық инвестициялық жобаларды пысықтау үшін жақсы алаң болып табылады», — деді Армен Арутюнян.


Анықтама
Гринвошинг (англ. greenwashing) — брендке назар аудару және тұтынушыда компанияның немесе тауардың экологиялылығы туралы жалған түсінік қалыптастыру үшін маркетинг пен PR-стратегияда экологиялық идеяларды пайдалану.
ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі