Экономикалық дамудың сәйкес келетін және озыңқы индикаторларын есептеу нәтижелері Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі іскерлік белсенділік динамикасының өзгергенін айғақтап отыр
Еуразиялық экономикалық комиссияның бағалауы бойынша, 2025 жылғы маусымда интеграциялық бірлестіктің көптеген мемлекетінің экономикасында баяулау күтілуде, бұл ретте Қазақстан экономикасы іскерлік белсенділіктің өрлеу кезеңіне өтеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей экономикасы баяулау кезеңінде қалып отыр, Арменияда, Беларусьта және Қырғызстанда іскерлік белсенділіктің өсуі байқалады.
Олар экономикалық агенттердің мінез-құлқын және экономикадағы негізгі трендтерді айғақтайтын қысқа мерзімді процестер туралы неғұрлым маңызды ақпаратты жинақтайды.