Жаңалықтар

29.05.2025

ЕЭК ЕАЭО-ның статистикалық ақпаратының сапасын бағалау жөніндегі алғашқы есепті дайындады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Статистика жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың статистика саласындағы Интеграцияны дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған бағдарламасын және Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асырудың жылдық қорытындылары қаралды.

Отырысқа қатысушылар ЕАЭО-ның 2024 жылғы ресми статистикалық ақпаратының сапасын бағалау жүйесі бойынша есепті талқылады. Консультативтік комитеттің мүшелері бұл жұмыстың өзектілігін атап өтіп, оны жыл сайын жүргізу керек деген қорытындыға келді. Сондай-ақ, статистикаға цифрлық технологияларды енгізу жарияланымдарды дайындау мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Есеп ЕЭК-тің Статистика департаменті мен мемлекеттердің уәкілетті органдарымен бірлесіп әзірлеген Одақтың статистикалық ақпаратының сапасын бағалау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес дайындалды.

Статистика жөніндегі Консультативтік комитеттің келесі отырысы 2025 жылдың қазан айына жоспарланған.

Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің отырысы туралы толық ақпарат статистика департаментінің «Статистика жөніндегі консультативтік комитет» бөліміндегі бетте берілген.