Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК ЕАЭО-ның Кеден кодексіне навигациялық пломбалар бойынша түзетулерді ұсынады

24.12.2021
Кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысында ЕАЭО-да тасымалдарды қадағалап отыру үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге қол қойылуына байланысты Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне өзгерістер енгізу ұсынылды. Тақырыпты талқылау ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Максат Мамыткановтың төрағалық етуімен өтті.
Келісім, атап айтқанда, жеке жағдайлардан басқа, кедендік алып жүруді навигациялық пломбаларды пайдаланумен бір мезгілде қолдануға жол бермейді. Солай бола тұра, ЕАЭО КК бойынша кедендік алып жүруді қолдану көлік құралдарының жүк бөлімшелерінде навигациялық пломбалардың болуына не болмауына байланысты болмайды. Тиісінше Кеден кодексіне тиісті түзетулер енгізілмесе, құқықтық соқтығыс пайда болады.
Сондай-ақ ашық теңізде ауланған немесе әзірленген балық өнімін Одаққа әкелумен байланысты мәселелер және 2022 жылы ЕАЭО КК-ге басқа да түзетулер бойынша жұмыс жүргізу мәселелері де жұмыс тобының ортақ назарында болды.
Анықтама:
Одақта кедендік реттеуді оның қолданылу практикасын ескере отырып одан әрі жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыс Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының 3.1.1-тармағында көзделген.
Еуразиялық экономикалық одақта кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 125 өкімімен құрылған.

«Әзірге келісім парламенттерде ратификациялауда жатқанда, біз ықтимал құқықтық коллизияларды алып тастап, келісімнің оңтайлы жұмысы үшін жағдайлар жасау мақсатында ЕАЭО КК-ге түзетулерді ойластыруымыз және келісуіміз қажет», — деп атап өтті Максат Мамытканов.