Жаңалықтар

29.06.2022 (Обновлено: 06.07.2022 14:54)

ЕЭК Одақ елдерінен су биоресурстарының бағалы түрлерін бақылаусыз әкетуді болдырмайды

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы жабайы тірі жануарларға қатысты қолданылатын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетудің рұқсат беру тәртібін акваөсіру объектілеріне қолдануға шешім қабылдады.

  «Шешім қабылдануына заңсыз кәсіпшілік нәтижесінде алынған су биоресурстарының бағалы түрлерін акваөсіру өнімі түрінде әкету жағдайларының жиілеуі себепші болды», — деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары Уәсила Байқадамова.


Ол қазір Одақ шеңберінде жабайы табиғаттың су биоресурстарын әкетуге рұқсат беру тәртібі қолданылатынын, оларға үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатынын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, жабайы табиғатта ауланған және акваөсірумен өсіріп шығарылған су биоресурстарының әртүрлі шығу тегін бірдейлестіру техникалық тұрғыдан мүмкін емес. 
Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді.

ЕАЭО нормативтік құқықтық базасына сәйкес жабайы табиғаттың су биоресурстарын әкету Одақ мемлекетінің кеден органына экспортқа лицензия және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжаты) ұсынылған кезде жүзеге асырылады. Оларды алу үшін Одақ мемлекетінің уәкілетті органына, атап айтқанда, аулаудың заңдылығын растайтын құжаттар ұсынылады.