ЕЭК Куба кәсіпорындары үшін өнеркәсіптік кооперацияны қолдаудың жаңа механизмін ұсынды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Георгий Арзуманян CUBAINDUSTRIA 2024 халықаралық өнеркәсіп көрмесі шеңберінде БКБ режімінде Куба Республикасының Сауда палатасы мен мүдделі кәсіпорындары үшін Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік жобаларды қаржыландырудың жаңа механизмінің таныстырылымын өткізді.

Таныстырылымға Куба Республикасының Мәскеудегі Елшілігінің ЕАЭО мәселелері жөніндегі кеңесшісі Нелида Герра Морейра қатысты.

Іс-шараның өткізілуі ЕАЭО туралы шартқа мүше мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруы кезінде қаржылай жәрдем көрсетуі бөлігінде енгізілген өзгерістердің күшіне енуімен тура келді.

Георгий Арзуманян Куба Сауда палатасының өкілдерін ЕАЭО-дағы кооперациялық ынтымақтастықты дамыту құралдарына қатысты ЕЭК қызметімен, атап айтқанда, өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдаудың жаңа ұлтүсті механизмін қолданумен таныстырды, сондай-ақ жобаларды іріктеу критерийлері, қаржыландырудың жаңа бағдарламасына қатысу шарттары және әлеуетті жобалар үшін өнеркәсіп салаларының тізбесі туралы айтып берді.

"Куба Республикасымен өнеркәсіп секторындағы ынтымақтастық басымдықты әрі перспективалы бағыттардың бірі болып табылады. Комиссия Кубамен неғұрлым тиімді өзара іс-қимылды жалғастыруға мүдделі және ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығаруға көмектесетін ЕАЭО-дағы өнеркәсіптік жобаларға жәрдемдесу құралдары бөлігіндегі атқарымдармен бөлісуге дайын", — деп атап өтті Георгий Арзуманян.

Жобаларды қолдаудың жаңа бағдарламасының таныстырылымы Кубаның іскер топтары өкілдерінің қызығушылығын тудырды, аталған бағдарламаға қатысу мүмкіндігі бойынша сұрақтар түсті.

Кездесу қорытындысы бойынша ЕЭК өкілдері Екатеринбургте Одақ елдері мен байқаушы мемлекеттердің Өнеркәсіп министрлерінің қатысуымен ЕАЭО Өнеркәсіп саясаты жөніндегі кеңесінің VI отырысы да өтетін ИННОПРОМ халықаралық өнеркәсіп көрмесі аясында Куба тарапымен диалогты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Куба Республикасы ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет болып табылады. ЕАЭО елдері мен Куба ынтымақтастығының негізін Комиссия мен Куба Республикасы Үкіметінің арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум және елдер арасындағы Бірлескен іс-шаралар жоспары құрайды.