Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 19 тамыздағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде айналыста болған кезде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын (отырғызу материалын) өндіру әдістері мен схемаларын біріздендіруге орайлас тәсілдемелер мен қант саласын орнықты дамыту жөніндегі шаралар туралы ұсынымдар қабылдады.
Қабылданған тәсілдемелер Одақ мемлекеттеріне дәнді, дәнді-бұршақты, техникалық, майлы, жеміс-жидек дақылдары мен картоптың тұқымын (отырғызу материалын) өндірудің ғылыми негізделген әдістері мен схемаларын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сақтау бойынша ғылыми негізделген іс-шаралар мен әдістерді қолдануды ұсынады, солардың негізінде жоғары сұрыпты және өнімді қасиеттері бар тұқым өсіру қамтамасыз етіледі. Құжатта тұқым өндіру схемасында көрсетілетін, соның ішінде дақыл, сұрып, тұқымды өндіру, себуге дайындау, себу және жинау, өңдеу, сақтау мен негізгі агротехникалық және өзге де іс-шаралар бойынша қажетті іс-шаралар туралы ақпарат көзделген."Тұқым шаруашылығы жөніндегі құжат Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары бекіткен тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық заңнаманы дәйекті жақындастыру және ауыл шаруашылығы өндірісін таңдаулы сұрыптардың жоғары сапалы тұқымымен қамтамасыз ету мақсатында біріздендіру шараларының тізбесін іске асыру үшін қабылданды", – деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян.
ЕЭК ұсынымын пайдалану ең таңдаулы сұрыптық, шаруашылық жағынан құнды және биологиялық қасиеттерімен ерекшеленетін жоғары сапалы сұрып тұқымдарының сұрып ауыстыру және сұрып жаңарту үшін талап етілетін көлемін өндіруді және өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындары тұқым (отырғызу материалын) өндіру кезінде рәсімдердің баламалылығы қамтамасыз етілетіні де маңызды, ал ұлттық заңнамада өзара саудаға әсер ететін айырмашылықтар алып тасталатын болады.
Комиссия ұсынған қант саласын орнықты дамыту жөніндегі шаралар кешеніне келетін болсақ, оны іске асыру да бірқатар практикалық мәселені шешуге көмектеседі. Ең алдымен сала жұмысының тиімділігін арттыруға, қантқа, өндіріс құралдарына деген импорттық тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді, экспорттық әлеуетті өсіре түсуге ықпал ететін болады.