ЕЭК Моңғолиямен ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға қатысты
21.01.2026
Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиков Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесі ұйымдастырған "ЕАЭО – Моңғолия ынтымақтастығы: жай-күйі мен преспективалары" атты дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
ЕЭК өкілі 2025 жылғы маусымда Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы Уақытша сауда келісіміне қол қоюға және оны имплементациялаудан күтілетін нәтижеге байланысты мәселелерді қозғады, сондай-ақ тараптардың іскер топтарының өзара іс-қимылының нәтижелері мен перспективалары туралы хабарлады.
"Біз Моңғолияны стратегиялық әрі басымдықты әріптестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз және елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге айрықша мән береміз", – деп атап өтті Владимир Серпиков.
Пікірсайыс шеңберінде инвестициялық ынтымақтастықтың әлеуеті, тосқауылдарды еңсерудегі Ресей – Моңғол ынтымақтастығын дамыту тәжірибесі және ЕАЭО сыртқы байланыстар жүйесіндегі Моңғолияның рөлі талқыланды.