ЕЭК IV "Еуразия Экспо" халықаралық көрмесінің таныстырылымына қатысты
17.12.2025

Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиков Иран Ислам Республикасының Ресейдегі Елшілігінде өткен IV "Еуразия Экспо" халықаралық көрмесінің және Иран мен Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық ынтымақтастығының бірінші форумының таныстырылымына қатысты.

"Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы Еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі жағдайында мұндай іс-шаралардың форматы сауда, логистика және тосқауылдарды жою мәселелерін нысаналап талқылауға мүмкіндік береді", – деп атап өтті Владимир Серпиков.

Еуразиялық экономикалық комиссия IV "Еуразия Экспо" халықаралық көрмесінің іскерлік бағдарламасына қатысуға дайын екенін білдірді, соның ішінде ЕАЭО мемлекеттері мен Иранның іскер топтары арасында тақырыптық сессиялар өткізу және тікелей байланысуды дамыту жөнінде ұсыныс білдірді.

2026 жылғы 1-4 ақпан аралығында Тегеранда өтетін көрмеге қатысуға кәсіпкерлік қоғамдастық пен мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мына сайтта: https://eurasiaexpo.ru/. өтінім бере алады.

Көрме мен Форум бизнес-қоғамдастық және ЕАЭО елдері мен Иранның мемлекеттік билік органдары арасындағы практикалық диалог үшін сұранысқа ие алаң болып табылады.