Жаңалықтар

21.10.2022 (Обновлено: 28.10.2022 13:50)

ЕЭК климаттық күн тәртібі шеңберіндегі жол картасын іске асыруға кіріседі

Еуразиялық үкіметаралық кеңес Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО елдерінің Үкіметтерімен бірлесіп, климаттық күн тәртібі шеңберіндегі жол картасын орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.

"Іс-шаралар пакетін іске асыру интеграциялық бірлестікке технологиялар мен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі бірлескен күш-жігер бөлігінде жаңа серпім береді, сондай-ақ ЕАЭО тауарларының жаһандық нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, ұлттық реттеудегі айырмашылықтарға байланысты Одақ нарығында сауда тосқауылдарының пайда болуына жол берілмейді",- деп атап өтті ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев.

Жалпы алғанда жол картасы жеті бағытты өзіне кірістіреді:

- климаттық салада ұлттық заңнамалық реттеуді талдау және аталған салада жалпы тәсілдемелерді дамыту жөнінде ұсыныстар дайындау;

- Париж келісімінің мақсаттарына қол жеткізу үшін көміртектік реттеудің бірлескен нарықтық және нарықтық емес механизмдерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

- көлік, энергетика, металлургия, химия өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы құзыреттерін ескере отырып, мынадай салаларда төмен эмиссиялық трансформацияны ынталандыру шараларын айқындау;

- Еуразиялық төмен көміртекті дамыту бастамалары;

- жасыл қаржыландыру;

- Климаттық технологиялар және цифрлық бастамалар банкін қалыптастыру;

- климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша халықаралық сауда қатынастарын үйлестіру және халықаралық аренада климаттық салада ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің мүдделерін ілгерілету мақсатындағы өзара іс-қимыл.

Анықтама

ЕАЭО шеңберінде климаттық күн тәртібі шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің позицияларын жақындастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жоғары деңгейлі жұмыс тобы (ЖДЖТ) құрылды, оны ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев басқарады. Одақ елдерінен түскен ұсыныстардың негізінде мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары басшыларының орынбасарлары деңгейінде ЖДЖТ құрамы бекітілді.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2021 жылғы 14 қазандағы отырысында климаттық күн тәртібі шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығы туралы мәлімдеме қабылданды, оның жобасын ЖДЖТ дайындады. БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптары конференциясының 26-сессиясы қарсаңында Глазгода қол қойылған бұл құжат интеграциялық бірлестік шеңберінде осы бағыт бойынша келісілген тәсілдемелерді қалыптастыру векторын белгілейді.

ЖДЖТ алаңында Одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдар мен шектеулерді болдырмау және жаһандық технологиялық трансформация және әлемдік экономика құрылымын өзгерту жағдайында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін сақтау мақсатында климаттық күн тәртібі шеңберінде ЕАЭО іс-шараларының бірінші топтамасын (жол картасын) келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.