21 маусымда Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті директорының орынбасары Григор Оганянның төрағалығымен жедеғабыл-жүктер мен халықаралық почта жөнелтілімдеріне қатысты кедендік операцияларды жасау тәртібін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті.
Отырыста сарапшылар Еуразиялық экономикалық одақта сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны іске асыру аясында жедеғабыл-жүктерге арналған декларацияның үлгісін қолданудың практикалық аспектілерін талқылады.
Сарапшылар сонымен қатар ЕАЭО Кеден кодексіндегі болжамды өзгерістерге байланысты электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның үлгісін және оны толтыру тәртібін айқындайтын Комиссияның жаңа нормативтік актісін әзірлеу кезіндегі тәсілдерді талқылауға кірісті.
Сондай-ақ, Комиссия өкілдері отырыс қатысушыларына жедеғабыл-жүктердің декларациясына өзгерістер енгізу тәртібін әзірлеудің соңғы кезеңі туралы хабардар етті, бұл кеден органдарының да, СЭҚ қатысушыларының да іс-әрекеттерінің нақты алгоритмін жасауға және жалпы жедеғабыл-жүктерді кедендік декларациялау бойынша заманауи нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруды аяқтауға мүмкіндік береді.
Анықтама
Комиссия Алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы № 93 және № 94 шешімдерімен ЕАЭО елдерінде сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізуді қамтамасыз ету үшін жедеғабыл-жүктерге арналған тауарлардың декларациясын толтыру ерекшеліктері белгіленген.
Комиссия Алқасының 13 маусымдағы № 79 шешімімен декларациялау Одақ елдерінде сыртқы электрондық сауда саласындағы пилоттық жобаны жүргізу аясында жүзеге асырылатын тауарларға қатысты жедеғабыл-жүктерге арналған тауарлардың декларациясына енгізілген түзетуді толтыру тәртібі (ерекшеліктері) бекітілді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 10 шешімімен ЕАЭО аясында электрондық сауданы дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жоспары (жол картасы) бекітілді. Жол картасының 2-тармағына сәйкес ЕЭК 2023 жылы ЕАЭО мемлекеттерімен бірлесіп Комиссияның электрондық сауда тауарларына арналған декларацияның үлгісін және оны толтыру тәртібін айқындайтын актісін дайындауы тиіс. Тиісті құзырет сыртқы электрондық сауданы реттеу бөлігінде ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасында көзделеді.