Жаңалықтар

15.10.2021 (Обновлено: 21.02.2022 14:39)

ЕЭК ММХҚИ-мен Еуразиялық экономикалық интеграция мәселенамасы бойынша ынтымақтастықты жалғастырады

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Темирбек Асанбеков ММХҚИ ректоры Анатолий Торкуновтың шақыруы бойынша Ресейдің орнықты даму және ESG-трансформация жөніндегі бірінші ашық халықаралық конференциясына қатысты және Ресей халықаралық зерттеулер қауымдастығының (РХЗҚ) «Орнықты даму – кең халықаралық диалог үшін платформа» жалпы сессиясында сөз сөйледі.

Темирбек Асанбеков ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің конференцияның ұйымдастырушылары мен қатысушыларына арнаған құттықтау сөзін оқып берді.

ЕЭК министрі өз сөзінде Еуразиялық экономикалық комиссия мен ММХҚИ-ды көп уақыттан бері ізгі әріптестік қатынастар байланыстырып келе жатқанын атап өтті және климаттық, энергетикалық әрі көлік күн тәртібін қоса, Еуразиялық экономикалық интеграция мәселенамасы бойынша ретке келтірілген ынтымақтастық ойдағыдай жалғасады деп сенім білдірді.

Темирбек Асанбеков қазір орнықты даму мәселелері ерекше өзектілік алып отырғанын атап көрсетті, өйткені олар жекелеген ел үшін де, интеграциялық бірлестік пен тұтастай алғандағы әлемдік қоғамдастық үшін де маңызды.

Министр конференцияға қатысушыларға Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шеңберінде орнықты даму және климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша Комиссияның ЕАЭО елдерімен бірлесіп жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтып берді. Ол энергия үнемдеуге, энергия тиімділігіне, энергияның жаңартылатын көздерін пайдалануға, қоршаған ортаны қорғау мен көлік саласындағы цифрлық трансформацияға ерекшелеп көңіл аударды.


Анықтама:

Конференцияға Ресей Президентінің орнықты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін халықаралық ұйымдармен байланыс жөніндегі арнаулы өкілі Анатолий Чубайс, Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисі Төрағасының орынбасары Адиль Алиев, Париж бейбітшілік форумының президенті, Дүниежүзілік сауда ұйымының 2005-2013 жылдардағы бас директоры Паскаль Лами, Австрияның 2000-2007 жылдардағы канцлері Вольфганг Шуссель, Тәжікстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Абдухалил Гафурзода, Моңғолияның Ұлы мемлекеттік хуралының депутаты Дамдингийн Цогтбаатар, Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының бас директоры Валерий Фёдоров қатысты.