Мониторинг 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО мемлекеттеріндегі мемлекеттік басқару секторының борышы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген шектерде қалыптасқанын көрсетті.
Бірқатар елде ЖІӨ-ге қатысты борыш деңгейі: Қырғызстанда 13,1%-ға дейін, Ресейде 13,6%-ға дейін төмендеді. Армения мен Қазақстанда Ішкі қарыз алудың ұлғаюына байланысты ЖІӨ-ге қатысты борыштың мәні тиісінше 48,2%-ға және 23,2%-ға дейін ұлғайды.
Одақтың көптеген елінде мемлекеттік басқару секторы бюджетінің теңгерімі де белгіленген мәндер шеңберінде қалыптасты: Қазақстан мен Ресейде бірқалыпты тапшылық тиісінше ЖІӨ-нің 0,7% және ЖІӨ нің 1,2% мөлшерінде, Қырғызстанда бюджеттің профициті ЖІӨ-нің 3,5%-ы деңгейінде. Бюджеттерге ең алдымен салықтық және салықтық емес кірістердің өсуі қолдау көрсетті. Айрықшалықта қалған Армения Республикасы болды, мұнда халықты әлеуметтік қолдауға жұмсалатын шығыстардың ұлғаюына байланысты бюджет тапшылығы белгіленген мәннен асып түсіп, ЖІӨ-нің 3,5%-ын құрады.