Қазан айының қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі жылдық инфляция деңгейі: Арменияда 0,6%, Беларусьта 5,9%, Қазақстанда 8,5%, Қырғызстанда 4,8%, Ресейде 8,5% құрады.
2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда осы жылғы қазан айында Қазақстанда жылдық инфляцияның 1,3 п.п., Қырғызстанда 2,5 п.п. баяулауы, Беларусьта 0,1 п.п., Ресейде 1,1 п.п. инфляцияның біршама үдеуі байқалды, Арменияда дефляцияны инфляция ауыстырды.
Тұтыну бағаларының құрылымында инфляцияның баяулауы Қазақстан мен Қырғызстандағы азық – түлік тауарларына, Армения, Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдегі азық-түлік емес тауарларға, Беларусь пен Қырғызстанда көрсетілетін қызметтерге қатысты байқалды.
Баға тұрақтылығын ұстап тұруға ЕАЭО елдерінің үкіметтері мен орталық (ұлттық) банктерінің тұтыну бағасының өсуін шектеу жөніндегі шаралары ықпал етті.
Одақ туралы шарттың 63-бабына сәйкес инфляция деңгейі (тұтыну бағаларының индексі) экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Комиссия Одақ елдеріндегі инфляция деңгейіне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.