ЕЭК ЕАЭО елдеріндегі инфляция деңгейіне мониторинг жүргізді

Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі жылдық инфляция 2024 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша Арменияда 1,5%, Беларусьта 5,2%, Қазақстанда 8,6%, Қырғызстанда 6,3%, Ресейде 9,5% деңгейінде тіркелді.

Жылдық инфляция 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Беларусьта 0,6 п.п., Қазақстанда 1,2 п.п. және Қырғызстанда 1,0 п.п. баяулады. Армения мен Ресейде 2,1 п.п. деңгейінде баға динамикасының кейбір үдеуі байқалды.

Тұтыну бағаларының құрылымында инфляцияның баяулауы Беларусь пен Қазақстанда азық-түлік тауарларына, Арменияда, Қазақстанда және Қырғызстанда азық-түлік емес тауарларға, Арменияда, Беларусь пен Қырғызстанда көрсетілетін қызметтерге қатысты байқалды.

Үкіметтердің тұтыну бағасының өсуін шектеу және Орталық (Ұлттық) банктердің неғұрлым қатаң ақша-кредит жағдайларын сақтауы бойынша қабылдаған шаралары бағаның тұрақтылығын үстап тұруға ықпал етті.

Одақ туралы шарттың 63-бабына сәйкес инфляция деңгейі (тұтыну бағаларының индексі) экономикалық дамудың орнықтылығын айқындайтын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО елдеріндегі инфляция деңгейіне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.