Жаңалықтар

29.07.2022 (Обновлено: 05.08.2022 09:28)

ЕЭК Кубаның мемлекеттік органдары мен бизнесі үшін техникалық реттеу, дәрілер мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында оқыту семинарын өткізді

Еуразиялық экономикалық комиссия мен Куба арасында техникалық реттеу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы ынтымақтастық жандана түсуде. Бұл туралы ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Чинара Мамбеталиева Куба Республикасының Сыртқы сауда және шетелдік инвестициялар министрлігінің, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік бақылау орталығының, Ғылыми зерттеулер мен фармацевтика саласының ұлттық орталығының өкілдеріне арналған онлайн-семинарда мәлімдеді.

Чинара Мамбеталиева ЕАЭО туралы шарттың дәрілердің айналысына және тиісті келісімге қатысты ережелерін, жалпы осы саланы құқықтық реттеудің негізгі аспектілерін, сондай-ақ бейінді сараптама комитеттері мен Комиссияның жұмыс топтары қызметінің түйінді бағыттарын түсіндірді.

Кубалық әріптестер «Еуразиялық сәйкестік – ЕАС» белгісімен кейіннен таңбалана отырып, Одақтың техрегламенттерінің талаптарына сәйкестікті бағалау, сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдарды бірыңғай одақтық тізілімге енгізу тәртібі туралы ақпарат алды.

Семинар қорытындысы бойынша тараптар жүйелі негізде семинарлар өткізуге дайын екендіктерін білдірді.