Жаңалықтар

11.04.2025

ЕЭК Иранмен техникалық реттеу саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөнінде семинар өткізді

Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепневтің және ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі министрі Валентин Татарицкийдің төрағалық етуімен Иранмен техникалық реттеу, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларына арналған семинар болып өтті. Кездесу Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран Ислам Республикасы арасындағы Еркін сауда туралы келісімнің осы жылғы 15 мамырда күшіне енуі қарсаңында өтті.

Семинарға ирандық әріптестермен өзара іс-қимылды дамытуға және Иран нарығына шығуға мүдделі ЕАЭО елдерінің мемлекеттік органдарының, іскерлік бірлестіктері мен компанияларының өкілдері қатысты.

"Иран тарапы клиникалық сынақтар жүргізуге және фармацевтикалық өнімдерді тіркеуге орайлас реттеушілік тәсілдемелерді жақындастыруға қызығушылық білдірді. Өз тарапымыздан біз іскер қоғамдастықтың Иран тарапымен доңғалақты көлік құралдарына, сондай-ақ медициналық техникаға қол жеткізу бойынша техникалық тосқауылдарды жоюға мүдделі екендігін көріп отырмыз", — деп атап өтті Андрей Слепнев.

Оның сөзінше, Келісімнің саудадағы техникалық тосқауылдар бөлігіндегі жетілдірілген реттеушілік бөлігі Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаларына толық сәйкес келеді, бұл әсіресе Иранның осы халықаралық ұйымның мүшесі емес екендігін ескере келгенде маңызды болып табылады.

"Біздің субъектілеріміз үшін өнімді Иранның нарығына шығаруға қол жеткізу проблемаларын реттеудің неғұрлым практикаға бағдарланған механизмі саудадағы техникалық тосқауылдар жөніндегі жұмыс тобының алаңы болып табылады. Келісімде мұндай тақырыптық топты құру көзделген. Жұмыс тобында Ирандағы техникалық талаптарға немесе сәйкестікті бағалау рәсімдеріне байланысты біздің ұйымдардың нақты экспорттық кейстерін қарастыруға, қандай да бір дәлденген уағдаластықтарға шығып көруге болады", — деп атап өтті Валентин Татарицкий.

Ол Одақ мемлекеттерінің Иранмен екіжақты уағдаластықтарын қоса, саудадағы техникалық тосқауылдарға байланысты мәселелерді шешу үшін қолда бар мүмкіндіктің барлық спектрін қарастыруды ұсынды.

Ирандық әріптестермен техникалық реттеу саласындағы өзара іс-қимылдың неғұрлым перспективалы бағыттарын Келісімнің ережелерін имплементациялауға бағытталған ЕАЭО және оған мүше мемлекеттер мен Иран арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Бірлескен іс-шаралар жоспарының (жол картасының) қазір әзірленіп жатқан жобасына енгізу ұсынылады.