ЕЭК ЕАЭО туралы шарттың табиғи монополиялар саласындағы ережелерін іске асыру мониториңін жүргізді
28.11.2025

ЕЭК Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитеті 27 қарашадағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген қағидаттардың сақталуын бағалау мониториңінің аралық қорытындыларын қарады. Іс-шара ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтің төрағалығымен өтті.

 

Сандық және сапалық көрсеткіштерді пайдаланған мониториң қорытындылары 2026 жылы табиғи монополияларды реттеу саласындағы заңнаманы одан әрі үндестіру, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық актілерін ықтимал өзектілендіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу үшін ұсынылатын болады.

Отырысқа қатысушылар 2026 жылдың бірінші жарты жылдығында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске ұсынылатын табиғи монополиялар жөніндегі баяндаманың (ақпараттың) құрылымын да келісті.