ЕЭК ЕАЭО бизнесі арасында тауарларды әкетуге рұқсатты ресімдеу практикасы туралы сауалдама жүргізеді
02.09.2025
Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден заңнамасы және құқық қолдану практикасы департаменті 1 қыркүйектен 31 қазанға дейін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен сауалдама жүргізеді. Оның мақсаты — ЕАЭО кедендік аумағынан тауарларды іс жүзінде әкетуді растау кезінде бизнес (ең алдымен экспорттаушылар) тап болатын проблемалық жағдаяттарды анықтау, сондай-ақ тауарларды әкетуге рұқсатты жою қажеттігіне байланысты жағдайларға талдау жүргізу.

Сауалдамаға қатысу үшін Департамент әзірлеген нысанға сәйкес ақпаратты ұсыну қажет.

Жүргізілетін сауалдама туралы толығырақ ақпаратпен танысу, сондай-ақ оған қатысу сілтеме бойынша мүмкін болады. .

ЕЭК Алқасының 07.02.2018 № 25 шешімімен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының Одақтың кедендік аумағынан тауарларды іс жүзінде әкетуін растау тәртібі бекітілді, ол ЕАЭО-да 01.07.2020 бастап қолданылады.