Басты бет
/
Жаңалықтар
/
ЕЭК тұтынушылар үшін маңызды тауарларды өндірушілерді қолдау шараларының топтамасын кеңейтеді
ЕЭК тұтынушылар үшін маңызды тауарларды өндірушілерді қолдау шараларының топтамасын кеңейтеді
22.03.2022
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ЕАЭО елдерінің экономикалық және азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларының топтамасын толықтыратын шешім қабылдады.
Атап айтқанда, 2025 жылғы 30 сәуірге дейін кейбір какао-өнімге арналған, ал 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жез штейні мен цементтеуші жезге арналған кедендік әкелу баждары нөлге түсіріледі.
«Қабылданған шешімдер өндірушілерге қуаттар жүктемесінің қазіргі бар деңгейін ұстап тұруға, валюта бағамдарының күрт өзгерісіне байланысты қосымша шығыстардың бір бөлігін жабуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті ЕЭК Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.Мәселенің маңыздылығына байланысты ЕЭК Кеңесінің тапсырмасына сәйкес шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Анықтама
ЕЭК Кеңесінің 17 наурыздағы шешіміне сәйкес кедендік әкелу бажынан азық-түлік тауарлары мен оларды өндіруде пайдаланылатын тауарлардың кең номенклатурасы босатылатын болады. Шешім азық-түлік өнімдерін өндіруге және өткізуге арналған тауарларға; фармацевтикалық, металлургиялық және электрондық өнімдерді өндіруге арналған тауарларға; цифрлық технологияларды дамыту үшін пайдаланылатын тауарларға; жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіруге арналған тауарларға, сондай-ақ құрылыс және көлік салаларында қолданылатын тауарларға да қатысты. Бұдан басқа, 2023 жылғы 30 сәуірге дейін 40 кг астам орамадағы өрік, алмұрт, шабдалы және өзге де пюреге, ал 2025 жылғы 30 сәуірге дейін анилинге және сыртқы киім өндірісіне арналған маталардың бірқатар түрлеріне ставка нөлге түсірілген.ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі