Жаңалықтар

03.03.2023 (Обновлено: 06.03.2023 17:31)

ЕЭК Ярославль облысы кәсіпорындарының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен ынтымақтастығын кеңейтеді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян Ярославль облысына сапар шеңберінде өңірлік кәсіпорындарда болып, олардың өндірістік мүмкіндіктерімен танысты. Олардың арасында -"Аронап" кофе-цикорий комбинаты, ЯШЗ — "Кордиант" АҚ (Ярославль қаласындағы филиал), сондай-ақ Ресейдегі қозғалтқыш шығаратын басты кәсіпорындардың бірі -Ярославль мотор зауыты ("Автодизель" ЖарАҚ) бар.

Сапардың негізгі мақсаты — Ярославль облысының өнеркәсіп кәсіпорындарының Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кәсіпорындарымен кооперациялық өзара іс-қимылын кеңейтуге жәрдемдесу.

ЕАЭО елдері аумағында компоненттік база өндірісін барынша оқшаулап, соның ішінде Ярославль облысының кәсіпорындарымен тығыз кооперациялық өзара іс-қимыл жасай отырып, дизельді қозғалтқыштар желісін құру жөніндегі жоба талқыланды. Еуразиялық экономикалық комиссия бастамашы болған жоба Одақ елдерінің сауда-экономикалық қатынастарын дамытудың, олардың технологиялық әлеуетін арттырудың және қозғалтқыш жасау саласында өнім импортына тәуелсіздікті қамтамасыз етудің ынталандырмасы болуға тиіс. 

"Қозғалтқыш жасауды дамыту — Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің машина жасау саласының технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз етуі тұрғысындағы маңызды міндеттердің бірі. ЕАЭО-да дизельді қозғалтқыштар нарығының сыйымдылығы — 1 млрд. АҚШ долл. астам. Бұл ретте олардың Одақтағы өндірісі қажеттіліктің бестен бір бөлігін ғана құрайды", — деп атап көрсетті Михаил Мясникович.

ЕЭК министрі Артак Камалян ЕАЭО елдерінде дизельді қозғалтқыштар өніміне сұраныс, әсіресе автотрактор, арнаулы және карьерлік техника өндірісі саласында бұлжымай өсіп келеді деп атап өтті. "Мәселе Одақ елдерінің өнеркәсіптік әлеуетін ескере отырып шешілуге тиіс екендігі белгілі. Бұл ретте барлық қозғалтқыш құрастырушылар мен бірқатар іргелес өндірушілер — жанармай сорғыларын, аспалы жабдықтарды және жоғары экологиялық сыныпты техниканы шығаруға мүмкіндік беретін сүзу жүйелерін өндірушілер үшін құзыреттерді дамыту бойынша зор әлеует бар", — деді Артак Камалян.
Қазірдің өзінде Одақтың әртүрлі елінен өндірушілердің бірлескен жұмысы жүргізілуде. Осыған байланысты Михаил Мясникович Беларусь автомобиль зауытында (БелАЗ) жоғары қуатты ресейлік өндірістің жаңа қозғалтқыштарын төселтіп сынаудың оң мысалын келтірді.

 

 "Біздің пікірімізше, Ярославль мотор зауыты Минск мотор зауытымен және Урал дизель-мотор зауытымен бірге өндіріс көлемінің өсуі үшін ғана емес, сонымен қатар шығарылатын өнім номенклатурасының желісін, соның ішінде 300 а. к.астам ауыр қозғалтқыш есебінен кеңейту үшін барлық қажетті өндірістік әлеуетке ие", — деп түйіндеді ЕЭК Алқасының басшысы.

  Бүгінде дизельді автомобиль жасау саласындағы одақтық кооперацияға негізінен Ресей мен Беларусь өндірірушілері қатысатынын атап өткен жөн. ЕАЭО-дағы автомобиль жасау перспективаларын ескере келгенде, бұл жобалар Одақтың басқа елдері — Армения, Қазақстан, Қырғызстан үшін де қызықты болуы мүмкін.

Сапар барысында Ярославль облысының бизнес-қоғамдастығымен қозғалтқыштарға қатысты кедендік-тарифтік реттеу шараларына, мемлекеттік сатып алуға қатысуға, кедендік реттеу мәселелеріне, Ярославль облысының өңірлік өндірушілерінің өнеркәсіптің түрлі салаларындағы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өндірушілерімен кооперациялық ынтымақтастығын дамытуға, сондай-ақ ЕЭК әзірлеп жатқан бірлескен жобаларды қаржыландырудың жаңа механизмдеріне қатысты салалық мәселелердің кең ауқымы бойынша да диалог болып өтті.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясниковичтің сөзінше, бизнестің ұсыныстарын есепке алу үлесі жоғары деңгейде тұр және 70% дерлік құрайды, яғни Комиссия ұлтүсті реттеуді енгізу кезінде іскер топтардың пікіріне мұқият құлақ асады.

ЕЭК Алқасы басшысының сөзінше, кооперациялық жобаларды қолдау үшін Комиссия қаржыландырудың ұлтүсті механизмдерін әзірлейді. Солардың бірі — жобаларды Еуразиялық даму банкінің қатысуымен қаржыландыру. "Комиссия әзірлеп жатқан жаңа механизм қаржы ұйымдары кәсіпорындарға өнеркәсіптегі кооперациялық жобаларға беретін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау механизмі болып табылады", — деді ЕЭК Алқасының басшысы. Ол кооперациялық жобаларды іріктеу критерийлері жобаға үш және одан да көп елдің қатысуын, жаңа қуаттарды құруды немесе өндірісті жаңғыртуды, өндірістерді оқшаулауды арттыруды, өзара сауда мен инвестициялар көлемінің өсуін кірістіретінін атап көрсетті. "Алдын ала есептеулер бойынша субсидиялау қоры жыл сайын шамамен 16-17 миллиард рубль болатын жобаларды қолдауға мүмкіндік береді. Біз қаржыландыруды 2024 жылдан бастауды жоспарлап отырмыз", — деп атап өтті Михаил Мясникович.

 

Ярославль зауыты алаңындағы іс-шараға Ярославль облысы әкімшілігінің, Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, Ярославль және Тутаев мотор зауыттарының, Ярославль өңірі бизнес-қоғамдастығының өкілдері қатысты. 

 Анықтама

Ярославль мотор зауыты (ЯМЗ) – көп мақсатты дизельді қозғалтқыштарды, іліністерді, беріліс қораптарын, оларға қосалқы бөлшектерді, сондай-ақ олардың негізінде стационарлық қондырғыларды шығаратын ресейлік ірі кәсіпорынның бірі. Ярославль қозғалтқыштары Ресей мен Беларусь кәсіпорындары шығаратын 300-ден астам көлік құралы моделі мен арнайы мақсаттағы бұйымдарды жарақтандырады.

"Аронап кофе-цикорий комбинаты" ЖШҚ 100 жылдан астам уақыт бойы жоғары дәмі мен тұтынушылық қасиеті бар тамақ концентраттарын өндірумен айналысады. "Аронап" КЦК құрамына: тез еритін сусындар шығаратын зауыт (цикорий, итмұрын, шай және т.б.); кофе дәндері мен өсімдік шикізатын қуыру цехы; купаждау және араластыру цехы; өнімді өлшеп орау және буып-түю цехы; заманауи микробиологиялық зертхана; жеке сауда үйі; көлік-логистика базасы кіреді.

Ярославль шина зауыты — Ресейдің орталық аймағындағы ең ірі шина өндіруші. Кәсіпорында жылына 3 млн.шина шығарылады және 2 мыңға жуық кәсіби маман жұмыс істейді.