ЕЭК контейнерлік тасымалдарды дамытудың жаңа тәсілдемелерін қарайды

Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарының тізбесін осы жылғы қазанда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында бекіту жоспарланып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен бірлесіп ЕЭК тиісті жобаны әзірледі. Құжат Еуропалық мемлекеттер мен Оңтүстік Шығыс Азия елдері арасындағы өспелі жүк тасқынын, сондай-ақ контейнерлік тасымалдарды дамытудың жаңа тәсілдемелерін ескере отырып дайындалған.

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Темирбек Асанбеков Санкт-Петербургте көлік дәліздерін дамыту жөніндегі «TRANSTEC» XVI халықаралық форумының жалпы сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

«Біз мемлекеттеріміздің аумағы бойынша өтетін сенімді Еуразиялық құрлықтық көпір құру туралы айта аламыз»,- атап өтті ЕЭК министрі.

Комиссия мүше мемлекеттермен бірлесіп, инфрақұрылымды үйлестіру, Еуразиялық көлік дәліздері мен маршруттарын құру және дамыту, көлік саласында маңызы бар интеграциялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты жүргізеді.

Темирбек Асанбеков инфрақұрылымдық шектеулер кезінде аралас тасымалға көшудің орындылығын да хабарлады, бұл ретте «соңғы мильді» қоса, контейнерлерді жеткізуді қамтамасыз ететін автомобиль көлігі іске қосылады.

«ЕАЭО цифрлық күн тәртібіндегі цифрлық көлік дәліздері» сессиясы барысында ЕЭК министрі 14 қыркүйекте Ресей тарапының бастамасы бойынша Комиссия Кеңесі Одақтың цифрлық көлік дәліздері экожүйесінің ұлттық сервистерінің «көрме-сөрелерін» құру туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Бұл сервистер цифрлық карта және магистралдық автомобиль жолдары мен инфрақұрылымдық объектілердің дерекқорын, жол бойындағы инфрақұрылым объектілерін брондау, теміржол және автомобиль көлігі үшін электрондық халықаралық көлік жүкқұжатын қолдану, Одақтың цифрлық көлік дәліздері экожүйесінің үшінші елдердің жүйелерімен ақпарат алмасуы сияқты тақырыптаманы өзіне кірістіреді.

«Комиссия мен Одақ мемлекеттері бұл жобалардың ойдағыдай іске асырылуына үлкен мән беріп отыр»,- деп атап көрсетті Темирбек Асанбеков.

Форум аясында Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары – статс-хатшысы Дмитрий Зверевпен де жұмыс кездесуі болды, онда ЕАЭО кеңістігіндегі көлік саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

 

Анықтама:

Форум Санкт-Петербургте 1994 жылдан бері өткізіліп келеді. Оған мемлекеттік билік органдарының, кәсіби қауымдастықтардың, ғылыми-зерттеу орталықтарының, көлік және өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері қатысады. Осы жылы Форум тақырыптамасы айтарлықтай кеңейді: ол теміржол, автомобиль инфрақұрылымын, ішкі су жолдарын, сондай-ақ көліктегі цифрландыруды дамыту мәселелерін қамтыды. Бұл қазіргі заманғы трендтерге және инновацияларды, қазіргі заманғы логистикалық және басқару схемаларын ендіруге, ірі мультимодальды тораптарды қалыптастыруға, сенімді көлік байланыстарын құруға негізделген. Өзекті мәселелерді кеңінен талқылау қазіргі бар проблемаларды еңсерудің және Ресей көлік жүйесін дамыту жоспарларын қалыптастырудың неғұрлым тиімді шараларын тұжырымдауға ықпал етеді.

Скачать исходники фотографий