Жаңалықтар

26.07.2022 (Обновлено: 09.08.2022 14:20)

ЕЭК ағаш өңдеу және ағаш дайындау салаларын жаңа экономикалық жағдайларда дамыту перспективаларын қарайды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Артак Камалян басқарған Еуразиялық экономикалық комиссия делегациясының Карелия Республикасына (Ресей) сапары барысында Еуразиялық экономикалық одақтың ағаш өңдеу және машина жасау салалары кәсіпорындарының жаңа экономикалық жағдайлардағы кооперациялық ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.

«Сегежск ЦҚК» АҚ мен «Амкодор-Онего» ЖШҚ өндірістік алаңдарында болу барысында Комиссияның өнеркәсіп блогының өкілдері кәсіпорындар басшылығымен ағаш өңдеу саласын және ағаш дайындау техникасы өндірісі саласын жаңа экономикалық жағдайларда өнеркәсіптік дамыту перспективаларын ізеуіртті талқылады.

«ЕЭК біздің Одақ экономикасының нақты секторының жұмысын тұрақтандыруға бағытталған дағдарысқа қарсы шаралар пакетін қабылдады, олар соның ішінде кооперацияны қаржыландыру, жаңа логистикалық тізбектерді құру, шикізат пен жинақтауыштарға кедендік баждарды төмендету мәселелерін қамтиды. Бүгінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мысалында дағдарысқа қарсы шешімдерді іс жүзінде іске асыру мәселелерін қарастыруымызға мүмкіндік бар», — деп хабарлады Артак Камалян. 

Тараптар өндірістік қызметке елеулі әсер ететін, шикізаттарды, жабдықтар мен жинақтауыштарды жеткізу, сауда және логистикалық тізбектер, өндірістік номенклатураны кеңейту бөлігіндегі қазіргі бар шектеулер мен тосқауылдарды атап өтті.

«ЕАЭО әлемдегі ағаш материалдарын ірі экспорттаушылардың бірі ғана емес, сонымен бірге ел ішінде ағаш өңдеу көлемін белсенді ұлғайтып отырғанын ескере келгенде, ағаш дайындау саласының проблемалары құрылысты, жиһаз өндірісін, қағаз, қаптама, биоотын дайындауды және т.б. қоса, көптеген сабақтас салалар мен өндірістерге әсер етуі мүмкін», — деп атап өтті Артак Камалян. 
ЕАЭО әлеуетін пайдалана отырып, нарықты кеңейту және жаңа кооперациялық тізбектер құру перспективалары қаралды, импортты алмастыруды қамтамасыз ету және өнімнің экспорттық жеткізілімдерін Одақтың неғұрлым сұранысқа ие ортақ нарығына қайта бағдарлау мақсатында кооперацияны қолдаудың практикалық құралдары талқыланды. 

Сапар нәтижелері бойынша ЕЭК алаңында бизнестің, ғылыми топтардың, инженерлік орталықтар мен мемлекеттік басқару органдарының мүдделі өкілдерінің қатысуымен ағаш өңдеу және арнаулы техника өндірісі саласында салалық диалог ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Диалогтың мақсаты — ақпарат алмасу, дамудың неғұрлым басымдықты бағыттары мен практикалық іске асыру қадамдарын анықтау, көпжақты ынтымақтастық орнату және кооперациялық байланыстарды дұрыстау.

Анықтама

Сегежск целлюлоза-қағаз комбинаты — Ресейдің целлюлоза-қағаз саласы флагмандарының бірі, 1939 жылы салынған. Комбинат жаңғырту мен қайта құрудың бірнеше циклынан өтті, соның нәтижесінде қазіргі уақытта 384 мың тоннаға дейін қапшықтық крафт-қағазын, соның ішінде беріктігі жоғары микрокрепцияланған қағазды өндіруге қабілетті. Сегежск ЦҚК өнімдері әлемнің 70-тен астам еліне экспортталады. Комбинаттың қуаттылығы оған қапшықтық қағаз шығару бойынша әлемде үшінші орын алуға мүмкіндік береді.

«Амкодор-Онего» ЖШҚ ағаш өндірісі саласындағы машина жасау бағытын дамыта отырып, қазіргі заманғы ағаш дайындау техникасын — харвестерлер мен форвардерлерді құрастыруға маманданған. Бүгінде кәсіпорын қарқынды дамып келеді, цехтар жаңа қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылуда, бұл болашақта ағаш дайындау техникасын құрастырудың толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.